Polaris PHB 1589AL Руководство по эксплуатации онлайн [23/47] 772282

Polaris PHB 1589AL Руководство по эксплуатации онлайн [23/47] 772282
23
НАЗАР АУДАРЫҢЫЗДАР! Тағамдық өнімдерін өндеу барысында, яғни
комбайнның ұсақтағыш қондырмасының пышағын (O) қолданып, жұмыс
жасағанда абай болыңыз. Пышақты металл бөлігінен ұстамаңыз, оның
жүздері өте өткір!
Тағамдық өнімдерді комбайнның тостағанына салыңыз.
Комбайнның қақпағын (K) жалғап, оны сағат тілінің бағытымен, оның шертпек
секілді сарт еткен дыбыс естілмейінше, бұрап бекітіңіз.
Блендердің ұстағышын (D) комбайнның қақпағына (K) жалғаңыз да, оны бекітіңіз.
Блендер құрылғыны қолмен мықтап ұстап тұрып, оны іске қосу үшін құрылғының
іске қосу батырмасын басыңыз.
Блендер құрылғыны қолданып болғаннан кейін, құрылғының электр желілік
баусымның штепсельдік айыртетігін электр желісінен ажыратып алыңыз да,
блендер құрылғының ұсақтағыш (ұсақтағышының пышағын) бөлігін бөлшектеңіз.
Блендер құрылғының ұсақтағыш бөлігін пайдалану үшін ұсынылған уақыты және
комбайнның тостағанына салынатын тамақ өнімдерінің түрлері мен мөлшері (салмағы).
Тамақ өнімдері
Мөлшері (салмағы)
Уақыт бірлігі секундттық
Ет
800гр.
15
Хош иісті шөптер
160гр.
10
Ірімшік
320гр.
15
Нан
250гр.
10
Пияз
480гр.
10
Жаңғақ
480гр.
15
Көпіршіткіштің сипаттамасы
Көпіршіткіш (бұлғауыш) қондырмасының көмегімен жұмыртқа ақуызын, қаймақты шайқауға
және т.б. осы сияқты тамақ өнімдерді бұлғауға, сонымен қатар сүтті көпіршітілген қою
көбікке айналдыруға болады, сонымен қатар бұл қондырғысының арқасында сіз
көпіршітілген крем тәрізді қою тұздықтар мен тәттілерді және десерттік тағам дайындай
аласыз.
Көпіршіткіш қондырмасын пайдалану
Блендердің ұстағышына (D) көпіршіткіш (бұлғауыш) қондырмасының
жалғастырғышын (F) кигізіп орнатыңыз. Көпіршіткіш (бұлғауыш) қондырмасын
венчикті (G) жалғастырғыштың сыңалауына оның шертпек секілді сарт еткен дыбыс
естілмейінше, яғни ол толығымен бекітілгенше оны дұрыстап қондырып орнатыңыз.
Ернеуі жоғары стақанға (I) көпіршітуге арналған тағамдық өнімдерді салыңыз.
Назар аударыңыздар! Құрылғының көпіршіткіш қондырмасын қолданып, комбайнның
тостағанында тағамдық өнімдерін өндеуге тыйым салынады.
Құрылғы пайдалануға дайын.

Содержание

Скачать