Polaris PHB 1589AL Руководство по эксплуатации онлайн [24/47] 772282

Polaris PHB 1589AL Руководство по эксплуатации онлайн [24/47] 772282
24
Назар аударыңыздар! 4 жұмыртқадан
көп немесе 400 мл қаймақтан/кілегейден
артық көпіршітуге болмайды. Тағамдық
өнімдерді көпіршіткен кезінде әрбір 30
сек. кейін, оны келесі қолданар алдында 5
минут уақытқа үзіліс жасап тұру қажет.
Құрылғының істен шығуына, сынуына не
зақымдауына жол бермес үшін маргарин,
сары май және т.б. осы секілді қатты қою
тағамдық өнімдерді көпіршітпеңіз, қою
өнімдерді көпіршітпес бұрын, оларды
жартылай сұйық және жұмсақ болғанша
жылытыңыз. Көпіршітуге арналған
тағамдық өнімдердің қоспасы (массасы)
көпіршіткіш қодырмасының
қалақшаларынан жоғары болмауы керек.
Тағамдық өнімдерді көпіршітіп болған соң, яғни блендер құрылғыны қолданып
болғаннан кейін, құрылғының электр желілік баусымның штепсельдік айыртетігін
электр желісінен ажыратып алыңыз да, оның көпіршіткіш (бұлғауыш) қондырмасын
және қондырмасының жалғастырғышын тазалау үшін бөлшектеңіз.
Тілімшелеу комбайнның сипаттамасы
Тілімшелеу комбайн қияр, сәбіз, картоп және тағы басқа осы сияқты өнімдерді, сондай-ақ,
ірімшіктің кейбір түрлерін бірнеше тілімге майдалап турауға, үгуге және ұсақтап кесуге
арналған. Тілімшелеу комбайнын қолдана отырып, етті ұсақтауға тыйым салынады.
Комбайнның максималды жүктемесі: 1000 гр.
Тілімшелеу комбайнды пайдалану:
Кескіш қондырмасының білігін (Q) комбайндағы тостағанның қадауына/істігіне (N)
орнатыңыз.
Кескіш дискісін (P) (тағам өнімдерді тілімдеп/ұсақтап кесуге арналған
қондырмасын) кескіш қондырмасының білігіне (Q) орнатыңыз. Кескіш дискісін
артқы жағымен орнату арқылы ұсақтаудың/тілімдеудің басқа түрін алуға болады.

Содержание

Скачать