Атлант ХТ 1006-024 Руководство по эксплуатации онлайн [12/36] 772404

Атлант ХТ 1006-024 Руководство по эксплуатации онлайн [12/36] 772404
12
KAZ
Информация для предварительного ознакомления. Официальной информацией изготовителя не является Информация для предварительного ознакомления. Официальной информацией изготовителя не является
Информация для предварительного ознакомления. Официальной информацией изготовителя не является Информация для предварительного ознакомления. Официальной информацией изготовителя не является
2.8 Тоңазытқыштың қызмет мерзімі – 12 жыл.
БАЙҚАҢЫЗ! Тоңазытқыштың қызмет мерзімі өткеннен
кейін өндіруші бұйымның қауіпсіз жұмысы бойынша жа
-
уапкершілік көтермейді. Одан əрі іске пайдалану қауіпті
болуы мүмкін, себебі тоңазытқыштың материалдарының
табиғи ескіруінің жəне құрамдас бөліктерінің тозуының
салдарынан электрлік жəне өрт қаупі бар жағдайлардың
пайда болу ықтималдығы артады.
3 Т О Ң А З Ы Т Қ Ы Ш Т Ы О Р Н А Т У
3.1 Тоңазытқышты қыздыру аспаптарынан аз жəне электр
пештері, жылыту пештері мен радиаторлары) кем дегенде
50 см қашықтықта орнату қажет.
3.2 Тоңазытқыштан жоғары жəне оның екі бүйір жағынан
ауа айналуы үшін кем дегенде 5 см, артқы жағынан бөлменің
жарына дейін 10 см бос орын қалуға тиіс.
Тоңазытқышты жиһазға кіргізуге жəне оның, артқы тіре
-
улер (егер болса) арқылы пайда болатын, артқы жағымен
бөлменің жарының арасындағы саңылауды жабуға
ТЫЙЫМ
САЛЫНАДЫ.
Тоңазытқышты, егер оның үстінде жəне екі жағында 5
см кем емес бос кеңістік болмаса қуысқа орнатуға
ТЫЙЫМ
САЛЫНАДЫ.
3.3 Реттелмелі тіреуіштерді əрі-бері бұрай отырып,
тоңазытқышты еденге қатысты көлденең орнату керек.
Тоңазытқыш орнықты тұруға тиіс.
4 ТОҢАЗЫТҚЫШТЫ ІСКЕ ПАЙДАЛАНУҒА ДАЙЫНДАУ
4.1 Құралас бөліктерін орам материалдарынан босатыңыз.
Табандығымен есіктің сол жағында орналасқан бітегіш төсемді
(егер болса) түсіріңіз.
4.2 Шкафтың ішін, құралас бұйымдарды ас содасы
қосылған сабын судың жылы ерітіндісімен, содан кейін таза
сумен жуып, жұмсақ шүберекпен əбден құрғатып сүрту керек.
Шкафты жақсылап желдетіңіз.
Тоңазытқышты жуған кезде түрпілі пасталарды жəне
құрамында қышқылдар, еріткіштер бар жуғыш заттарды, сон
-
дайқ ыдыс жууға арналған құралдарды пайдалануға ТЫЙЫМ
САЛЫНАДЫ.
Есіктің шынысын қажет болғанына қарай соған арналған
тазартқыш затпен тазалап, жұмсақ шүберекпен құрғатып сүрту
керек.
БАЙҚАҢЫЗ! Тоңазытқышты тазалаған кезде оның
кұлпының элементтеріне су тигізбеңіз.
БА Й ҚАҢЫЗ! Каме р аның ішінде ор н аласқан,
тоңазытқыш туралы толық ақпарат жазылған тақтайшаны
алып тастамаңыз. Аталған ақпарат тоңазытқыштың бүкіл
қызмет мерзімінде оған техникалық қызмет көрсету мен
жөндеу үшін аса маңызды.
4.3 Құралас бөліктерді тоңазытқышқа орнату керек.
4.4 Қоршаған ортаның температурасы 0
0
С төмен жағдайда
тоңазытқышты тасымалдағаннан кейін электр желісіне қосар
алдында оның есіктерін ашып қойып, бөлме температурасында
4 сағат қоя тұрған жөн.
4.5 Шкафтың есігін оң жағынан ашылатын етіп қайта ілуге
болады (ХТ-1006-ХХХ басқа ҚБ кұлпымен). Есіктерді қайта ілу
жұмысын тек сервистік қызметтің механигі орындауға тиіс (тегін
– кепілдік кезеңде бір рет).
4.6 Шкафты электр желісіне жалғау: қуат сымының ашасын
розеткаға сұғыңыз.
5 Т О Ң А З Ы Т Қ Ы Ш Т Ы І С К Е П А Й Д А Л А Н У
5.1 ТОҢАЗЫТҚЫШ КАМЕРАСЫ МЕН ЖАРНАМАЛЫҚ
БЛОКТЫҢ ЖАРЫҚТАМАСЫ
5.1.1 Камераны жарықтандыру үшін ТL 8W/840 маркалы
люминесцентті шамы бар (қуаты 8 Вт) шырақ пайдаланылады.
Жарықтаманы жағу мен сөндіру 1-суретке сəйкес ажыратпа-
қосқышының көмегімен іске асырылады.
5.1.2 Жарнамалық блокта люминесценттік ТL-D 18W/33
шамы (қуаты 18 Вт) пайдаланылады.
5.2 ТОҢАЗЫТҚЫШ КАМЕРАСЫНДА АЗЫҚ-ТҮЛІКТІ
САҚТАУ ЖƏНЕ ОРНАЛАСТЫРУ
5.2.1 Шкафтың ішіндегі температура қоршаған ортаның
температурасына, сақталатын жəне жаңадан салынатын азық-
түліктің мөлшеріне, есіктердің ашылу жиілігіне, тоңазытқыштың
бөлмедегі орнатылған жеріне жəне т.с.с. байланысты болады.
5.2.2 Камераға азық-түлік салуды тоңазытқышты электр
желісіне жалғаған сəттен бастап кем дегенде бір сағат өткенде
ғана іске асырған дұрыс.
5.2.3 Камерадағы ауаның қозғалысы мен температуралық
режим бұзылмас үшін, азық-түлікті сөренің шегінен шығармай
орналастыру керек.
БАЙҚАҢЫЗ! Азық-түлікті сөре шектегіштерінен
тыс орналастырмаңыз, себебі олар камераның артқы
қабырғасындағы буландырғыштың бұзылуына себеп
болуы мүмкін.
5.2.4 Камераның ішкі кеңістігін ұтымды пайдалану үшін
жəне азық-түлікті ықшамдап орналастыру үшін сөрелердің
орналасу биіктігін өзгертуге болады. Сөрені бері қарай тартып,
жаңа орынға орнату қажет.
БАЙҚАҢЫЗ! Өсімдік майлары мен тоң майларды есік
тығыздағышы мен тоңазытқыштың пластмасса беттеріне
тигізуге болмайды, себебі оларды бүлдіруі мүмкін.
6 ТОҢАЗЫТҚЫШТЫҢ ЖҰМЫСЫНДАҒЫ ЕРЕКШЕЛІКТЕР
6.1 Тоңазытқыш жұмыс істеген кезде шығатын шуылдың
функционалдық сипаты болады жəне оның қандай да бір
ақаумен байланысы жоқ.
Температураны алдын ала қойылған деңгейде ұстап
тұру үшін тоңазытқыштың ішінде мезгіл-мезгіл компрессор
іске қосылып-өшіп тұрады. Бұл орайда пайда болатын шуыл
қалыпты жағдай. Тоңазытқышта жұмыс температурасы
орнаған бетте бұл шуыл автоматты түрде бəсеңдейді.
Судың сылдыры тəрізді дыбыс салқындатқыш зат
тоңазытқыш жүйенің түтікшелерімен аққан кезде шығады, ал
шамалы сыртыл материалдардың температурадан ұлғаюына
байланысты.
Компрессор қосылып айырылғанда тықыл естілетін болады
– температура датчик-релесінің жұмысы.
6.2 Тоңазытқышты іске пайдалану барысында басқа да
шуыл көздері пайда болуы мүмкін.
Шуылдың күшеюі тоңазытқыштың, құралас бұйымдардың
(сөрелер, тосқауыл сөрелер жəне т.б.) дұрыс орнатылмауынан
немесе ыдыстардың тоңазытқышқа қойылған азық-түлікпен
жанасуынан туындауы мүмкін. Мұндай жағдайда құралас
бұйымдардың орнын ауыстырып, немесе ыдыстарды бір біріне
тимейтін етіп қою арқылы шуылды азайтуға болады.
Сондай-ақ егер тоңазытқыштың элементтері уландырғыш,
түтіктер, сымдар, еріген суды төгу жүйесінің элементтері)
тасымалданғаннан (орны ауыстырылғаннан немесе тазалау
-
дан соң дұрыс орнатылмағаннан) кейін бір біріне тиіп тұратын
болса да, олар шуыл шығаруы мүмкін. Тоңазытқыштың
элементтерінің орналасуын реттеп немесе оларды дұрыс ор
-
наластырып, тоңазытқыштың жұмысындағы қосымша шуылды
жоюға болады.
6.3 Тоңазытқышта жылусақтау пенополиуретан материалы
пайдаланған. Тоңазытқыштың бетінде кішкене қыйсықтар пай
-
да болуы мүмкін, пенополиуретанның отырауының кесірінен.
Бірақ ол тоңазытқыштың жұмысымен жылусақтау кабілетіне
əсер етпейді.
7 С А Қ Т А У Ж Ə Н Е Т А С Ы М А Л Д А У Е Р Е Ж Е Л Е Р І
7.1 Қаптамаға оралған тоңазытқыш 80% аспайтын салы-
стырмалы ылғалдылықта, табиғи түрде желдетілетін жабық
үй-жайларда сақталуға тиіс.
7.2 Егер тоңазытқыш ұзақ уақыт бойы іске пайдаланыл-
майтын болса, оны электр желісінен ажыратып, ішінен барлық
тағам, сусындарды шығарып, ішін тазалау керек. Тазалағаннан
кейін тоңазытқышта жағымсыз иіс пайда болмас үшін, есігін
сəл ашық қалдыру керек.
7.3 Шкафты кез келген жабық көлік түрімен, жұмыс қалпында
(тік қалпында), көлік құралының ішінде кез келген ықтимал
ұрылып-соғылуына, орнынан жылжып кетуіне жəне құлауына
жол бермес үшін мықтап бекіте отырып тасымалдау қажет.
Рисунок 1
шам плафоны
камераны жарықтандыру ажыратқышы
винтвинт

Содержание

Похожие устройства

Скачать