Huawei Y7 2019 64Gb — құрылғыны қауіпсіз пайдалану және сақтау туралы ақпарат [36/48]
![Huawei Y7 2019 64Gb Руководство по эксплуатации онлайн [36/48] 775899](/views2/2007614/page36/bg24.png)
Қауіпсіздік туралы ақпарат
Құрылғыны қауіпсіз және дұрыс пайдалануды
қамтамасыз ету және дұрыс жою әдісін үйрену үшін
құрылғыны пайдаланудан бұрын барлық қауіпсіздік
туралы ақпаратты мұқият оқыңыз.
Әрекет және қауіпсіздік
l
Есту қабілетінің ықтимал зақымдалуын
болдырмау үшін жоғары дыбыс деңгейінде ұзақ
уақыт бойы тыңдамаңыз.
l Мақұлданбаған немесе үйлеспейтін қуат адаптерін,
зарядтағышты немесе батареяны пайдалану
құрылғыңызды зақымдауы, жарамдылық мерзімін
қысқартуы, өртке, жарылысқа немесе қауіптерге
себеп болуы мүмкін.
l Қолайлы жұмыс істеу температурасы - 0 °C - 35 °C.
Қолайлы сақтау температурасы - -20 °C - +45 °C.
l Кардиостимуляторға кедергі келтіру ықтималын
болдырмау үшін кардиостимулятор өндірушілер
құрылғы мен кардиостимулятор арасында ең аз 15
см қашықтық сақталғанын ұсынады. Егер
кардиостимулятор пайдаланылса, құрылғыны
кардиостимулятордың қарама-қарсы жағында
ұстаңыз және құрылғыны алдыңғы қалтаңызда
тасымаңыз.
l Құрылғыны және батареяны қатты ыстық көзінен
және тікелей күн сәулесінен алыс сақтаңыз. Оларды
микротолқынды пештер, пештер немесе радиаторлар
сияқты жылыту құрылғыларының үстіне қоймаңыз.
l Құрылғыны пайдаланған кезде жергілікті заңдар мен
ережелерді орындаңыз. Апаттар қаупін азайту үшін
көлік жүргізу барысында сымсыз құрылғыңызды
пайдаланбаңыз.
l Ұшақта ұшқанда немесе ұшаққа отырмас бұрын
құрылғыңызды тек берілген нұсқауларға сәйкес
пайдаланыңыз. Ұшақта сымсыз құрылғыны
пайдалану сымсыз желілерге кедергі жасауы мүмкін,
әуе кемесі жұмысына қауіп төндіреді немесе заңсыз
болады.
44
Похожие устройства
-
Huawei Nova 13iРуководство по настройке -
Huawei Mate30 ProИнструкция по применению -
Huawei Mate 8Краткое руководство пользователя -
Huawei P40 Lite 6/128GB Midnight Black (JNY-LX1)Инструкция по эксплуатации -
Huawei Y5 2017Руководство пользователя 2 -
Huawei Y5 2017Руководство пользователя -
Huawei G300 (U8815)Руководство по эксплуатации -
Huawei P9 Lite Dual LTEИнструкция по эксплуатации -
Huawei Y6 LTEРуководство по эксплуатации -
Huawei GR3Руководство по эксплуатации -
Huawei NovaРуководство по эксплуатации -
Huawei Honor 4X LTEРуководство по эксплуатации
Құрылғыны қауіпсіз және дұрыс пайдалану үшін қажетті ақпарат. Жоғары дыбыс деңгейінен, температурадан және кардиостимулятормен үйлесімділіктен сақтану жолдары.