Huawei Y7 2019 64Gb — құрылғыны қауіпсіз пайдалану және жою бойынша нұсқаулық [37/48]
![Huawei Y7 2019 64Gb Руководство по эксплуатации онлайн [37/48] 775899](/views2/2007614/page37/bg25.png)
l Құрылғының бөліктеріне немесе ішкі схемаларын
зақымдап алмау үшін оны шаң, түтін, дымқыл немесе
лас орталарда немесе магниттік өрістердің жанында
пайдаланбаңыз.
l Құрылғыны зарядтаған кезде қуат адаптері
құрылғылардың жанындағы розеткаға қосылғанына
және қол оңай жететініне көз жеткізіңіз.
l Зарядтағышты пайдаланылмаған кезде электр
розеткасынан және құрылғыдан ажыратыңыз.
l Құрылғыны жанғыш немесе жарылғыш заттар
сақталған жерде (мысалы: жанармай құю бекеті,
мұнай базасы немесе химиялық зауыт)
пайдаланбаңыз, сақтамаңыз немесе
тасымалдамаңыз. Құрылғыны осы орталарда
пайдалану жарылу немесе өрт қаупін арттырады.
l Бұл құрылғыны, батареяны және керек-жарақтарды
жергілікті ережелерге сәйкес жойыңыз. Оларды
қалыпты тұрмыстық қоқыспен жоюға болмайды.
Батареяны дұрыс пайдаланбау өртке, жарылысқа
немесе басқа қауіптерге себеп болуы мүмкін.
l Бұл құрылғыда кірістірілген батарея бар. Батареяны
өз бетіңізбен ауыстыруға әрекет етпеңіз. Әйтпесе,
құрылғы дұрыс жұмыс істемеуі немесе ол батареяны
зақымдауы мүмкін. Сіздің жеке қауіпсіздігіңіз үшін
және құрылғыңыз дұрыс жұмыс істеуін қамтамасыз
ету үшін Huawei өкілетті қызмет орталығына оны
ауыстыру үшін хабарласуға кеңес беріледі.
Жою және қайта өңдеу ақпараты
Өнімдегі, батареядағы, әдебиетіндегі немесе
орауыштағы үсті сызылған шелек таңбасы барлық
электрондық өнімдердің және батареялардың
жарамдылық мерзімі аяқталған кезде бөлек жинау
нүктелеріне апару керектігін білдіреді; оларды
тұрмыстық қоқыспен бірге қалыпты қоқыс ретінде
тастамау керек. Жабдықты арнайы жинау нүктесіне
немесе электр және электрондық жабдықты (WEEE)
және батареяларды жергілікті заңдарға сәйкес бөлек
қайта өңдеу қызметінің көмегімен тастау
пайдаланушының міндеті болып табылады.
45
Похожие устройства
-
Huawei Nova 13iРуководство по настройке -
Huawei Mate30 ProИнструкция по применению -
Huawei Mate 8Краткое руководство пользователя -
Huawei P40 Lite 6/128GB Midnight Black (JNY-LX1)Инструкция по эксплуатации -
Huawei Y5 2017Руководство пользователя 2 -
Huawei Y5 2017Руководство пользователя -
Huawei G300 (U8815)Руководство по эксплуатации -
Huawei P9 Lite Dual LTEИнструкция по эксплуатации -
Huawei Y6 LTEРуководство по эксплуатации -
Huawei GR3Руководство по эксплуатации -
Huawei NovaРуководство по эксплуатации -
Huawei Honor 4X LTEРуководство по эксплуатации
Құрылғыны қауіпсіз пайдалану үшін шаң, дымқыл және жарылғыш ортада қолданбаңыз. Батареяны дұрыс жою және қайта өңдеу туралы ақпарат алыңыз.