Polaris PGP 0602en Rush Руководство по эксплуатации онлайн [29/34] 778641

Polaris PGP 0602en Rush Руководство по эксплуатации онлайн [29/34] 778641
29
Құрылғының жоғарғы жұмыс тақтасын 11 суретте көрсетілгендей саңылаулары қақпақта
орналасқан ілгектің үстінде тұратындай етіп орнату қажет, содан соң бұл жұмыс тақтасының
үстіне басыңыз. Сол сәтте бекіткіштердің бекітілгендігін растайтын сыртыл, шертпек еткен
дыбысы естіледі.
Құрылғының жұмыс панельдері дұрыс орнатылған болса, панельдер орнатылатын орында
бекітіледі.
ҚҰРЫЛҒЫНЫ САҚТАУ ЖӘНЕ ТАСЫМАЛДАУ ЖӨНІНДЕГІ ЕРЕЖЕЛЕРІ
Құралдарды тасымалданатын осы нақты көлік түрінде әрекет ететін жүкті тасымалдау және
механикаландырылған жүк тиеу-түсіру жұмыстарын қамтамасыз ететін жүкті тасымалдау
ережелеріне сәйкес жабық көлік құралдарының кез келген түрінде тасымалдайды.
Құралдарды тасымалдау барысында бүлінуден сақтау әрекеті қамтамасыз етілуі тиіс бұйым
сапасы мен тұтынушы құралының сыртқы түрін сақтау.
Құралдарды тасымалдау барысында оларды тікелей атмосфералық жауын шашынның түсуінен
сақтау қажет, сондай-ақ агрессивті ортадан, яғни зиянды ортаның әсер етуіне жол бермеу қажет.
Электрлі құралдар қоршаған ауа температурасы плюс 40ºС -тан аспайтын және 5ºС-тан кем емес,
салыстырмалы ылғалдығы 70%-дан жоғары емес, қышқылды және электрлі құралдар
материалдарына теріс әсер ететін өзге де будың, шаңның болмауы жағдайында жабық, құрғақ әрі
таза бөлмежайда сақталуы тиіс.
ҚАЛДЫҚТАРДЫ КӘДЕГЕ ЖАРАТУ ЖӨНІНДЕГІ ТАЛАПТАР
Бұйымды кәдеге жарату барысында пайда болатын қалдықтар белгіленген тәртіппен және салалық
нормативті құжаттар, соның ішінде «Өндіріс пен тұтыну қалдықтарын орналастыру мен
залалсыздандыру бойынша гигиеналық талаптар» Санитарлық ережелер мен нормаларға
2.1.7.1322-03 сәйкес кәдеге жарату үшін міндетті түрде жиналуы тиіс.
Ескертпе! Пайдалану мерзімі аяқталғаннан кейін электр құрылғыны әдеттегі тұрмыстық қалдықтармен бірге
лақтырмай, оны одан әрі кәдеге жарату мақсатында, қалдықтарды қабылдаумен, қайта өндеумен және кәдеге
жаратумен айналысатын ресми пунктке өткізіңіз. Сөйтіп, Сіз қоршаған ортаны сақтауға көмектесесіз.
Осы құрылғыны пайдалану барысында жарақаттанып қалу мүмкіндігін болдырмау мақсатында, сондай-ақ бұл
құрылғының бұзылу қаупін туғызатын себептерін болдырмау үшін, сонымен қатар өрт қаупі бар жағдайларды
болдырмау үшін осы нұсқалықта берілген барлық қауіпсіздік жөніндегі талаптары мен ережелерін және де,
тұрмыстық электрлі құрылғылармен пайдалану кезіндегі қауіпсіздік бойынша барлық қолданыстағы жалпы
нұсқауларын және техникалық пайдалану қағидаларын, сонымен бірге бұл құрылғымен жұмыс атқару
барысындағы қауіпсіздік жөніндегі негізгі сақтық шараларын қатаң сақтау қажет.
БҰЛ ГРИЛЬ ҚҰРЫЛҒЫНЫ ТАУАР РЕТІНДЕ ӨТКІЗУ ЖӨНІНДЕГІ ЕРЕЖЕЛЕРІ
Бұл құрылғыны тауар ретінде өткізу жөніндегі ережелері белгіленген емес.
ГРИЛЬ ҚҰРЫЛҒЫМЕН ЖҰМЫС АТҚАРУ БАРЫСЫНДАҒЫ ҚАУІПСІЗДІК
ЖӨНІНДЕГІ САҚТЫҚ ШАРАЛАРЫ
Бұл құрылғы осы пайдалану жөніндегі Нұсқаулыққа сәйкес тек қана үйде тұрмыстық мақсатта
пайдаланылуы тиіс.
Құрылығыны комерциялық аумақта жоғары жұмыс қарқындылығында пайдалану, бұл
құрылғының шамадан тыс жүктелуiне әкеліп соғады, сонымен құрылғыны шамадан артық ауыр
жүктемеде қолданылуы, оның жұмыс істеу мерзімін азайтып, істен шығуына немесе
зақымдалуына әкеледі, сондай-ақ адамдардың өмірі мен денсаулығына зиян келтіруге әкеп соғуы
мүмкін.
Іске қосылып, жұмыс істеп тұрған құрылғыны қадағалаусыз қалдырмаңыз.
Скачать