Polaris PGP 0602en Rush Руководство по эксплуатации онлайн [30/34] 778641
![Polaris PGP 0602en Rush Руководство по эксплуатации онлайн [30/34] 778641](/views2/2010356/page30/bg1e.png)
30
Жұмыс барысында құрылғы қатты қызады. Күйіп қалмау үшін ыстық қабаттарға қолыңызды
тигізбеңіз. Құрылғыны ашу және жабу барысында құрылғының тұтқасынан ұстаңыз және де,
ыстыққа төзімді қолғаптарды немесе тұтқыштарды пайдаланыңыз.
Құрылғының жұмыс панельдерінің арасындағы саңылаулардан шығатын будан абай болыңыз.
Қолыңызды құрылғының маңына жақындатпаңыз.
Құрылғыны мұздатылған тағамдық өнімдерді әзірлеу үшін қолданбаңыз, тағамдық өнімдерді
әзірлемес бұрын оларды мұздан еріту қажет.
Құрылғыны майды жинауға арналған арнайы затсыз, яғни құрылғының астына қойылатын
тұғырық орнатылмаған болса қолданбаңыз.
Егер құрылғының жұмыс панельдері орнатылмаған болса құрылғыны іске қосуға мүлдем
болмайды. Құрылғының жұмыс панельдерінің дұрыс орнатылғандығын және олардың мықтап
бекітілгендігін тексеріңіз. Құрылғының жұмыс панельдерді дұрыс емес немесе ұқыпсыз орнату
салдарынан туындаған ақаулықтар Сізді кепілдікті қызмет көрсету құқығынан айырады, сондай-
ақ аталған салдарынан туындаған ақаулар үшін өндіруші жауапты емес.
Құрылғының жұмыс панельдерінің зақымдалмауы үшін метал асүй бұйымдарын пайдаланбаңыз,
жұмыс панельдерінің үстінде тағамдық өнімдерді кеспеңіз. Күйіп қалудан қорғайтын жабыны
бар ыдыстарға арналған асханалық аспаптары мен асүй саймандарын қолданыңыз.
Ыстық құрылғының орнын ауыстырмаңыз, құрылғы толық суығанша күте тұрыңыз.
Құрылғыны қандай да бір затты кептіру және жылыту үшін қолданбаңыз.
Құрылғыны тез тұтанатын бұйымдар мен жанғыш заттардың маңында, сонымен қатар жылу
көздері маңайында, сондай-ақ жоғары температура әсерінен құрылғының түрін не пішін
өзгертетін бөлме бұйымдарының қасында қолданбаңыз.
Құрылғыны тек қана жақсы желдетілетін бөлмеде пайдаланыңыз.
Әр жолы тағамды әзірлеп болған соң, алдымен құрылғының қыздыру температурасын
ауыстырып реттейтін реттеуіш тетігін «MIN» қалпына орнатыңыз, содан кейін құрылғының
электрлі желілік баусымын ток көзінен ажыратыңыз.
Назар аударыңыздар!
Тағамдық өнімдерді әзірленіп болғаннан кейін құрылғыдан бірден шығарыңыз, егер әзірленген
тағамдық өнімдер іске қосулы тұрған құрылғының ішінде ұзақ уақытқа қалатын болса, олар
күйіп кетуі мүмкін, сонымен қатар бұл салдарынан өрттің шығуы да мүмкін.
ТҰРМЫСТЫҚ ЭЛЕКТРЛІ ҚҰРЫЛҒЫЛАРМЕН ПАЙДАЛАНУ БАРЫСЫНДАҒЫ
ҚАУІПСІЗДІК ЖӨНІНДЕГІ ЖАЛПЫ НҰСҚАУЛАР
Құрылғыны пайдалану «Тұтынушылардың электрлі орнатуларды техникалық пайдалану
ережелеріне» сәйкес жүзеге асырылуы тиіс.
Әр жолы құрылғыны іске қоспас бұрын, оны қарап шығыңыз. Құрылғының және оның электрлі
желілік баусымның ақаулығы анықталған жағдайда, құрылғыны ешбір жағдайда электр ашалы
розеткаға жалғастырып қосуға мүлдем болмайды.
Құрылғы еденге не жерге құлаған жағдайда, оның көзге анық көрінетін қандай да бір ақаулығы
(зақымдауы) байқалған кезде, құрылғыны қолданбаңыз. Құрылғыны пайдаланбас бұрын оны
білікті маманға көрсету қажет, оны тек қызмет көрсету орталығының қызметкерлері ғана
тексеру тиіс.
Егер Сіз құрылғының жұмыс жасау мүмкіндігіне күмән келтірсеңіз, құрылғыны пайдаланбаңыз.
Аталмыш құрылғыны қолдануға қатысты қауіпсіздіктері үшін жауап беретін тұлғаның
нұсқаулығы жүргізілген немесе қадағалау жүзеге асырылған кездерді есепке алмағанда, білімі
мен тәжірибесі жоқ немесе жүйке жүйесінде немесе психикалық, физикалық ауытқулары бар
тұлғалардың (балаларды қоса алғанда) қолдануына арналмаған. Балалардың құрылғымен
ойнауына жол бермеу үшін оларды қадағалап отырыңыз.
Іске қосылып, жұмыс істеп тұрған құрылғыны қадағалаусыз қалдырмаңыз. Құрылғыны
балалардың қолы жетпейтін жерде сақтаңыз.
Содержание
- Меры предосторожности при работе с грилем 8
- Общие указания по безопасности при работе с электроприборами 8
- Реализация 8
- Комплектация 9
- Поиск и устранение неисправностей 9
- Прибор рабочие панели установлены в прибор руководство по эксплуатации гарантийный талон список сервисных центров упаковка полиэтиленовый пакет коробка 9
- Проблема причина способ устранения 9
- Шт 2 шт 1 шт 1 шт 1 шт 1 шт 9
- Загальні вказівки з безпеки під час роботи з електроприладами 19
Похожие устройства
- Polaris PST 0301 Руководство по эксплуатации
- Schaub Lorenz SLW MW5531 Руководство по эксплуатации
- Hansa ZWM416WEH Руководство по эксплуатации
- Ballu Vela BOGH-16 Руководство по эксплуатации
- Vitek VT-1948 Руководство по эксплуатации
- Solis Scala Plus Руководство по эксплуатации
- Scarlett SCA-HVER14 Руководство по эксплуатации
- Royal Clima RM-P60CN-E PRESTO Руководство по эксплуатации
- Royal Clima RM-MD40CN-E MODERNO Руководство по эксплуатации
- Tefal KO1501 Руководство по эксплуатации
- Tefal GC750D30 Руководство по эксплуатации
- Steba IK 750 Руководство по эксплуатации
- Steba IC 30 Руководство по эксплуатации
- Rommelsbacher EKM 500 Руководство по эксплуатации
- Smeg CTPS313X Руководство по эксплуатации
- Smeg CTP9015N Руководство по эксплуатации
- Smeg CTP1015 Linea Руководство по эксплуатации
- Smeg CPR715P Cortina Руководство по эксплуатации
- Smeg TSF02DGEU Dolce&Gabbana Руководство по эксплуатации
- Smeg CMS4604NR Dolce Stil Novo Руководство по эксплуатации