Polaris PGP 0602en Rush Руководство по эксплуатации онлайн [31/34] 778641
![Polaris PGP 0602en Rush Руководство по эксплуатации онлайн [31/34] 778641](/views2/2010356/page31/bg1f.png)
31
Назар аударыңыздар!
Құрылғыны ванна, ыдыс-аяқ жуатын шұңғылша немесе сумен толтырылған басқа ыдыстардың
қасында пайдалануға болмайды. Құрылғы суға түсіп кеткен жағдайда, оны бірден электр желіден
ажыратыңыз. Сонымен бұл кезде қолды суға малуға мүлдем болмайды. Құрылғыны екінші мәрте
пайдаланудың алдында оны білікті маман тексеріп шығуы керек.
Құрылғыны бөлмежайдан тысқары жерде пайдаланбаңыз. Құрылғы жоғары температураның
әсеріне, тікелей күн сәулесіне, сүйір бұрыштарға соғылудан, және ылғалға ұшырамайтындай
етіп, сақталуы керек (құрылғыны суға немесе басқа сұйықтықтарға батырып салуға мүлдем
болмайды). Ылғал қолмен құрылғыны ұстауға болмайды. Құрылғы дымқылданса, оны бірден
электр желіден ажыратыңыз.
Құрылғыны тек қана ауыспалы тоқ көзіне ғана қосыңыз (~). Құрылғыны электр желіге қоспас
бұрын, электр желідегі қолданылатын электрлік параметрлерін тексеріңіз, бұл құрылғының
техникалық сипаттамаларына сәйкес болғанына көз жеткізіңіз.
Құрылғыны тек қана жерге тұйықталған желіге ғана қосуға қажет. Сіздің қауіпсіздігіңізді
қамтамасыз ету үшін жерлендіру бекітілген электр техникалық нормаларға сәйкес келуі тиіс.
Қоректендірудің стандартты емес көздерін немесе қосу құрылғыларын пайдалануға болмайды.
Құрылғының электрлі желілік баусымның изоляциясын қадағалап отыру керек, оның
изоляциясын бүлдіріп алмас үшін электр қуат беретін баусымын есіктің ойықтары бар жерлеріне
өткізбеңіз, сондай-ақ желілік баусымды жылу не от көздерінің жанында жазып, орналастыруға
болмайды, сонымен қатар құрылғының электрлі желілік баусымы жиһаздардың шеттеріне,
бұрыштарына және қандай да бір өткір заттарға жанаспай орналасуы тиіс . Электр желілік
баусымды жазып орналастырған кезде, оның қаты ширатылып бұралып қалмағанына және оның
бүгіліп майысып қалмағанына көз жеткізіңіз.
Қосымша қорғаныс үшін асүй техникасының электр қоректендіру тізбегіне 30 мА-дан аспайтын,
іске қосылуы қарастырылған номиналды тоғы бар қорғаныс сөндіру құрылғысын (ҚСҚ) орнатуға
кеңес беріледі. Кеңес алу үшін білікті маманға хабарласыңыз.
Кез келген ақау бола тұра құрылғыны іске қосу Сізді кепілдікті қызмет көрсету
құқығынан айырады.
Құрылғымен пайдаланып болғаннан кейін, сонымен қатар, құрылғыны тазартпас бұрын немесе
құрылғы сынып, істен шыққан жағдайда, сондай-ақ құрылғының бөліктері мен бөлшектерін
орнатпас бұрын немесе оларды бөлшектеу қажет болған жағдайда, оны әрдайым желіден
ажырату қажет.
Құрылғыны электр желіге жалғастырып, қоспас бұрын, әрдайым оның өшірілу күйінде
тұрғандығына, яғни құрылғының қыздыру температурасын ауыстырып қосатын ауыстырғыш
тетіктері «MIN» қалпына орнатылғанына, яғни сөндірулі қалпында тұрғандығына көз жеткізіңіз.
Желінің шамадан артық жұмыс істеуіне жол бермеңіз, әйтпесе оқыс жағдай орын алуы мүмкін
немесе құрылғы зақымдалуы мүмкін. Ол үшін жалғастырғыш құралдың көмегімен өзге
құралдарды бір ашалы розеткаға қоспаңыз.
Құрылғыны оның электрлі желілік баусымнан ұстап, тасымалдауға болмайды. Сондай-ақ,
құрылғыны оның электрлі желілік баусымнан ұстап, желіден ажыратуға тыйым салынады.
Құрылғыны электр желіден ажыратқан кезде оның желілік баусымның штепсельді
айыршасынан ұстаңыз.
Құрылғыны ток көзіне жалғастырып қосқан кезде немесе оны ток көзінен ажырату барысында,
электрлік тоқ соққыснан сақтану үшін, оның электрлік баусымдағы штепсельді айыршаның
металл бөліктеріне қолыңызды тигізбеңіз.
Пайдаланып болғаннан кейін, электрмен қоректендіру сымын құрылғыны айналдыра орауға
болмайды, себебі, уақыт өте келе бұл баусымның үзілуіне әкеп соғуы мүмкін. Қашанда
құрылғыны сақтау үшін оның электрлі желілік баусымын жақсылап тарқатыңыз.
Құрылғының желілік баусымын тек қана білікті мамандар – қызмет көрсету орталығының
қызметкерлері ғана ауыстыра алады. Жөндеу жұмыстарын біліктілігі жоқ немесе біліктілілігі
төмен деңгейдегі санаты жоқ тұлға тарапынан жасалған болса, бұл қолданушыны қауiп-қатерге
ұшыратуы мүмкін.
Содержание
- Меры предосторожности при работе с грилем 8
- Общие указания по безопасности при работе с электроприборами 8
- Реализация 8
- Комплектация 9
- Поиск и устранение неисправностей 9
- Прибор рабочие панели установлены в прибор руководство по эксплуатации гарантийный талон список сервисных центров упаковка полиэтиленовый пакет коробка 9
- Проблема причина способ устранения 9
- Шт 2 шт 1 шт 1 шт 1 шт 1 шт 9
- Загальні вказівки з безпеки під час роботи з електроприладами 19
Похожие устройства
- Polaris PST 0301 Руководство по эксплуатации
- Schaub Lorenz SLW MW5531 Руководство по эксплуатации
- Hansa ZWM416WEH Руководство по эксплуатации
- Ballu Vela BOGH-16 Руководство по эксплуатации
- Vitek VT-1948 Руководство по эксплуатации
- Solis Scala Plus Руководство по эксплуатации
- Scarlett SCA-HVER14 Руководство по эксплуатации
- Royal Clima RM-P60CN-E PRESTO Руководство по эксплуатации
- Royal Clima RM-MD40CN-E MODERNO Руководство по эксплуатации
- Tefal KO1501 Руководство по эксплуатации
- Tefal GC750D30 Руководство по эксплуатации
- Steba IK 750 Руководство по эксплуатации
- Steba IC 30 Руководство по эксплуатации
- Rommelsbacher EKM 500 Руководство по эксплуатации
- Smeg CTPS313X Руководство по эксплуатации
- Smeg CTP9015N Руководство по эксплуатации
- Smeg CTP1015 Linea Руководство по эксплуатации
- Smeg CPR715P Cortina Руководство по эксплуатации
- Smeg TSF02DGEU Dolce&Gabbana Руководство по эксплуатации
- Smeg CMS4604NR Dolce Stil Novo Руководство по эксплуатации