Stihl HL 92 C-E [32/72] Тозуды азайту және ақаулардың алдын алу

Stihl HL 92 C-E [32/72] Тозуды азайту және ақаулардың алдын алу
HL 92, HL 92 K
қазақ
30
Осы қолдану жөніндегі нұсқаулықта
көрсетілген белгіленген өлшемдерді
сақтаған жағдайда, құрылғының
мерзімінен бұрын тозуынан және
бүлінуінен қорғалатын боласыз.
Құрылғыны қолдану, оған техникалық
қызмет көрсету және сақтау
шаралары, осы қолдану жөніндегі
нұсқаулықта баяндалған сипатта
мұқият түрде жүзеге асырылуы тиіс.
Қауіпсіздік техникасына, жұмысқа
және техникалық қызмет көрсетуге
қатысты нұсқауларды
сақтамағандықтан барлық бүлінген
жерлер үшін пайдаланушы өзі жауап
береді. Бұл келесі жағдайларға аса
көкейтесті болып келеді:
STIHL фирмасынан рұқсат алмай
бұйымдарға өзгеріс енгізу,
Осы құрылғымен қолдануға
рұқсат етілмейтін, сай келмейтін
немесе сапасы төмен болып
келетін құрал-саймандарды
немесе керек-жарақтарды
қолдануға болмайды,
Құрылғыны мақсатына сай
қолданбау,
Құрылғы спорт іс-шараларында
және сайыстырда қолданылса,
Құрылғы ақаулы
толымдаушылармен бірге
қолдандықтан бүлінсе.
Техникалық қызмет көрсету жөніндегі
жұмыстар
"Техникалық қызмет көрсету және
күтім көрсету жөніндегі нұсқаулар"
бөлімінде атап өтілген барлық
жұмыстар үнемі өткіліп тұруы қажет.
Егер де техникалық қызмет көрсету
жөніндегі аталған жұмыстар
пайдаланушының тарапынан
орындала алмаса,
мамандандырылған дилерге жүгіну
керек.
STIHL фирмасы техникалық қызмет
көрсету және жөндеу жұмыстарын тек
қана STIHL фирмасының сауда-
агенті-маманына тапсыруыңызға
ұсыныс береді. STIHL фирмасының
мамандандырылған агенттері-
мамандары біліктілікті арттыру
курстарына үнемі қатысып тұрады
және олардың иелігіне техникалық
ақпарат ұсынылады.
Егер де аталған жұмыстар
орындалмаса немесе тиісті түрде
орындалмаса, соның салдарынан
зақым пайда болса, оған
пайдаланушы өзі жауап береді.
Осындай бөлшектердің қатарына
мыналар жатқызылады:
Уақытында немесе жеткіліксіз
қызмет көрсетілмегеннен жетек
тетігі бүлінетін болса (мысалы,
ауа және жанармай сүзгілері),
карбюратор күйге дұрыс
келтірмесе немесе ауа
салқындатқыш жүйе жеткіліксіз
тазартылса (сіңіргіш шлицтер,
цилиндр қырлары),
Дұрыс емес сақтаудың
салдарынан тоттану және басқа
да бүліну белгілері
Сапасы төмен қосалқы
бөлшектерді қолданудың
салдарынан құрылғының бүлінуі
Тез тозатын бөлшектер
Мотоқұрылғының кейбір бөлшектері,
тіпті мақсатына сай қолданылып
жатса да, қалыпты тозу үрдісіне бейім
болып келеді, сонымен қатар
қолданылатын түріне және
ұзақтығына байланысты уақытында
ауыстырылып тұруы қажет. Осындай
бөлшектердің қатарына мыналар
жатқызылады:
Кескіш пышақтар
Жалғастырғыш
Сүзгілер (ауа, жанармай
сүзгілері)
Іске қосу құрылғысы
Тозуды азайту және
ақаулардың алдын алу

Содержание

Скачать