Stihl HL 92 C-E Руководство по эксплуатации онлайн [5/72] 779238

Stihl HL 92 C-E Руководство по эксплуатации онлайн [5/72] 779238
HL 92, HL 92 K
қазақ
3
Қараумен оқытылып жатқан 16 жасқа
толған жас адамдарды қоспағанда,
кәмелеттік жасқа толмағандарға
қозғалтқыштың агрегатымен жұмыс
істеуге рұқсат берілмейді.
Балалар, жануарлар және бөгде
адамдар алшақ жерде болуы тиіс.
Қозғалтқыштың агрегаты
қолданылмаса, оны ешкімге кедергі
келтірмейтін жерге қойған жөн.
Қозғалтқыштың агрегатын рұқсатсыз
қолданудан қорғаңыз.
Пайдаланушы жазатайым оқиғалар
үшін не болмаса басқа адамдарға
немесе олардың мүлкіне төнетін
қауіптілік үшін жауапты болады.
Мотоқұрылғыны, оның осы үлгісімен
мұқият танысып алған және
қолдануға жақсылап үйретілген
адамдарға ғана беруге немесе жалға
беруге рұқсат етіледі – және әрқашан
Қолдану нұсқаулығын көрсетіңіз.
Қатты шуыл шығаратын
мотоқұрылғының қолданылуы, уақыт
өте келе ұлттық және жергілікті
нұсқаулармен шектеле алады.
Қозғалтқыштың агрегатымен жұмыс
істейтін адамдар демалған, дені сау
болуы керек және дене күшінің
жағдайы жақсы болуы қажет.
Денсаулық жағдайы бойынша
жүктеме ұсынылмаған адамдар,
қозғалтқыштың агрегатымен жұмыс
істей алатындығы туралы дәрігерден
кеңес алуы тиіс.
Имплантацияланған
кардиостимуляторы бар адамдарға
ғана: Аталған агрегаттың от алдыру
жүйесінен өте аз ауқымдағы электр
магнит өрісі туындайды.
Кардиостимуляторлардың жекелеген
түрлеріне электр магниттік өрістің
тигізетін әсерін толықтай алып
тастауға болмайды. Денсаулыққа
төнетін қауіптен сақтану мақсатында
STIHL компаниясы емдеуші дәрігерге
және кардиостимулятордың
дайындаушысына жүгінуге ұсыныс
береді.
Алкогольді, жауап қайтару қабілетін
төмендететін дәрілерді немесе
есірткіні тұтынғаннан кейін
мотоқұрылғымен жұмыс істеуге
болмайды.
Мотоқұрылғыны тек ағаш
шарбақтарды, бұтақтарды,
бұталарды, қалың бұталықтарды
және соларға ұқсас заттарды кесу
үшін ғана қолданыңыз.
Қозғалтқыштың агрегатын мақсатына
сай қолдану қажет, кері жағдайда,
жазатайым оқиғалардың орын алуы
немесе агрегаттың бүлінуі мүмкін.
Мотоқұрылғының құрылымына
қандай да бір өзгеріс енгізуге тыйым
салынады, себебі осы жағдайда,
жазатайым оқиғалардың орын алуы
немесе агрегаттың бүлінуі мүмкін.
Осындай кескіш пышақты немесе
STIHL компаниясы тарапынан осы
қозғалтқыштың агрегатына рұқсат
берілген немесе өзінің технологиялық
сипаттамасы жағынан ұқсас болып
келетін құрал-жабдықтарды ғана
қолданыңыз. Қандай да бір сұрақтар
туындаса мамандандырылған
дилерге жүгініңіз. Жоғары сапалы
құрал-саймандарды немесе құрал-
жабдықтарды ғана қолданыңыз. Олай
болмаған жағдайларда, жазатайым
оқиғалардың орын алуынан немесе
қозғалтқыштың агрегатының
бұзылуынан қауіптілік төне алады.
STIHL компаниясы, STIHL
компаниясы ұсынған түпнұсқалы
құрал-саймандарды және құрал-
жабдықтарды қолдануға кеңес
береді. Олар өздерінің қасиеттері
жағынан бұйыммен оңтайлы түрде
келістірілген және пайдаланушының
талаптарына сай келеді.
Агрегаттың құрылымына қандай да
бір өзгерістерді енгізбеңіз, бұл
жағдайда қауіптілік төнуі мүмкін.
STIHL компаниясы, қолданысқа
рұқсат етілмеген аспалы
агрегаттарды қолданудың
салдарынан адамға және мүлікке
келтірілген нұқсан үшін жауапты
болмайды.
Агрегатты тазарту үшін жоғары
қысымды жуғыштарды қолданбаңыз.
Судың қатты ағыны агрегаттың
бөлшектерін бүлдіре алады.
Су шашыратпаңыз.
Киім және жабдықтау
Белгіленген киімдер мен жарақтарды
қолданыңыз.
Киім мақсатқа сай
қолданылуы тиіс және
жұмысқа кедергі
келтірмеуі қажет.
Денеге тығыз тиіп
тұратын киім
ұсынылады –
комбинезон, бірақ
жұмыс халаты емес.

Содержание

Скачать