Stihl GS 461 GBE Руководство по эксплуатации онлайн [42/80] 779241

Stihl GS 461 GBE Руководство по эксплуатации онлайн [42/80] 779241
GS 461
қазақ
40
Қараумен оқытылып жатқан 16 жасқа
толған жас адамдарды қоспағанда,
кәмелеттік жасқа толмағандарға
қозғалтқыштың агрегатымен жұмыс
істеуге рұқсат берілмейді.
Балалар, жануарлар және бөгде
адамдар алшақ жерде болуы тиіс.
Қозғалтқыштың агрегаты
қолданылмаса, оны ешкімге кедергі
келтірмейтін жерге қойған жөн.
Қозғалтқыштың агрегатын рұқсатсыз
қолданудан қорғаңыз.
Пайдаланушы жазатайым оқиғалар
үшін не болмаса басқа адамдарға
немесе олардың мүлкіне төнетін
қауіптілік үшін жауапты болады.
Қозғалтқыштың агрегатын, оның осы
үлгісімен мұқият танысып алған және
қолдануға жақсылап үйретілген
адамдарға ғана беруге немесе жалға
беруге рұқсат етіледі – әрқашан
пайдалану нұсқаулығын көрсетіңіз.
Қатты шуыл шығаратын
қозғалтқыштың агрегатының
қолданылуы, уақыт өте келе ұлттық
және жергілікті нұсқаулармен
шектеле алады.
Қозғалтқыштың агрегатымен жұмыс
істейтін адамдар демалған, дені сау
болуы керек және дене күшінің
жағдайы жақсы болуы қажет.
Денсаулық жағдайы бойынша
жүктеме ұсынылмаған адамдар,
қозғалтқыштың агрегатымен жұмыс
істей алатындығы туралы дәрігерден
кеңес алуы тиіс.
Имплантацияланған
кардиостимуляторы бар адамдарға
ғана: Аталған агрегаттың от алдыру
жүйесінен өте аз ауқымдағы электр
магнит өрісі туындайды.
Кардиостимуляторлардың жекелеген
түрлеріне электр магниттік өрістің
тигізетін әсерін толықтай алып
тастауға болмайды. Денсаулыққа
төнетін қауіптен сақтану мақсатында
STIHL компаниясы емдеуші дәрігерге
және кардиостимулятордың
дайындаушысына жүгінуге ұсыныс
береді.
Алкогольді, жауап қайтару қабілетін
төмендететін дәрілерді немесе
есірткіні тұтынғаннан кейін
мотоқұрылғымен жұмыс істеуге
болмайды.
Ауа райы қолайсыз болған кезде
(жаңбыр, қар, мұз, жел) жұмыстарды
кейінге қалдыру қажет – жазатайым
оқиға қаупі төне алады!
Қозғалтқыштың агрегаты тек қана
абразиялық-кескіш құрылғымен
кесуге арналған.
Қозғалтқыштың агрегатын басқа
мақсаттар үшін қолдануға болмайды,
себебі жазатайым оқиғаның туындау
қаупі төне алады!
Ол сүректі немесе ағаштан жасалған
заттарды кесуге жарамайды.
Асбест шаңы денсаулыққа өте
зиянды– асбастті ешбір жағдайда
кеспеңіз!
STIHL компаниясы тарапынан осы
Қозғалтқыштың агрегатына рұқсат
берілген Құрал-сайманды,
бағыттаушы шиналарды, Алмасты
абразивті-қиылатын шынжырларды
немесе өзінің технологиялық
сипаттамасы жағынан ұқсас болып
келетін Құрал-жабдықтарды ғана
қолданыңыз. Қандай да бір сұрақтар
туындаса мамандандырылған
дилерге жүгініңіз. Жоғары сапалы
құрал-саймандарды немесе құрал-
жабдықтарды ғана қолданыңыз. Олай
болмаған жағдайларда, жазатайым
оқиғалардың орын алуынан немесе
қозғалтқыштың агрегатының
бұзылуынан қауіптілік төне алады.
STIHL компаниясы, STIHL
компаниясы ұсынған түпнұсқалы
бағыттаушы шиналарды, Алмасты
абразивті-қиылатын шынжырларды,
шынжыр жұлдызшаларын және
Құрал-жабдықтарды қолдануға кеңес
береді. Олар өздерінің қасиеттері
жағынан бұйыммен оңтайлы түрде
келістірілген және пайдаланушының
талаптарына сай келеді.
Агрегаттың құрылымына қандай да
бір өзгерістерді енгізбеңіз, бұл
жағдайда қауіптілік төнуі мүмкін.
STIHL компаниясы, қолданысқа
рұқсат етілмеген аспалы
агрегаттарды қолданудың
салдарынан адамға және мүлікке
келтірілген нұқсан үшін жауапты
болмайды.
Агрегатты тазарту үшін жоғары
қысымды жуғыштарды қолданбаңыз.
Судың қатты ағыны агрегаттың
бөлшектерін бүлдіре алады.
Киімдер мен жарақтар
Белгіленген киімдер мен жарақтарды
қолданыңыз.

Содержание

Похожие устройства

Скачать