Redmond SkyCooker M42S [31/36] Мастершеф лайт функциясы

Redmond SkyCooker M42S [31/36] Мастершеф лайт функциясы
SkyCooker RMC-М42S
31
RUS
UKR
KAZ
3.
батырмасын басыңыз. Дисплейде индикаторы жанады. Таймер жылыту уақытын
тікелей санай бастайды.
Аспап тағамды 70–75 °С дейін жылытып, оны ыстық күйінде 12 сағат бойы сақтайды. Қажет
болған жағдайда батырмасын басу арқылы жылытуды тоқтатуға болады. Құралды күту
режиміне ауыстырыңыз (дисплейде «———» индикаторы бейнеленеді).
Автожылыту және жылыту функциялары арқасында мультипісіргіш өнімдерді 12 сағатқа
дейін ыстық күйінде сақтай алады, алайда біз тағамды ыстық күйінде 2–3сағаттан
астам қалдыруды ұсынбаймыз, себебі бұл оның дәмдік қасиеттерінің өзгеруіне алып
келуі мүмкін.
«МАСТЕРШЕФ ЛАЙТ» функциясы
Өзіңіз үшін жаңа «МАСТЕРШЕФ ЛАЙТ» функциясымен бірге аспаздық шығармашылық
үшін мол мүмкіндіктер ашыңыз! Егер «МУЛЬТИПОВАР» бағдарламасы іске қосқанға дейін
бағдарлама жұмысының параметрлерін белгілеуге мүмкіндік берсе, «МАСТЕРШЕФ ЛАЙТ»
функциясын пайдаланып, сіз баптауларды тікелей әзірлеу барысында өзгерте аласыз.
«МАСТЕРШЕФ ЛАЙТ» функциясы «ЭКСПРЕСС» бағдарламасын қолдану кезінде қолжетім-
сіз.
«МАСТЕРШЕФ ЛАЙТ» функциясын қолдану кезінде температураны өзгерту 1 °С қа-
даммен 35–180 °С диапазонында мүмкін. Әзірлеудің минималды уақыты 1 минут,
әзірлеудің максималды уақыты таңдалынған бағдарламаға байланысты, орнату қадамы
1 минут.
«МАСТЕРШЕФ ЛАЙТ» функциясы сіз әр түрлі әзірлеу бағдарламаларының үйлесімін қажет
ететін күрделі рецептілер бойынша тағамды әзірлеген жағдайда айрықша пайдалы
болуы мүмкін.
Әзірлеу температурасын өзгерту үшін
1. Әзірлеу бағдарламасының жұмысы барысында батырмасын басыңыз. Дисплейде
температура шамасының индикаторы жыпылықтай бастайды.
2. Қалаулы температураны орнатыңыз. Арттыру үшін батырмасын, азайту үшін баты-
рмасын басыңыз. Жылдам өзгерту үшін қажетті батырманы басып, ұстап тұрыңыз. Максимал-
ды (минималды) шамаға қол жеткізгеннен кейін орнату диапазон басынан басталады.
3. 5 секунд ішінде басқару тақтасында батырма баспаңыз. Өзгерістер автоматты түрде
сақталады. Орнатылған температура бағдарлама жұмысы аяқталғанша немесе жаңа
өзгертуге дейін көрсетіліп тұрады.
Әзірлеу температурасы 150 °С жоғары орнатылған кезде шамадан тыс қызудан қорғау
үшін бағдарлама жұмысының максималды уақыты екі сағатпен шектеледі.
Әзірлеу уақытын өзгерту үшін
1. Әзірлеу бағдарламасының жұмысы барысында батырмасын басыңыз. Дисплейде
уақыт шамасының индикаторы жыпылықтайды.
2. Қалаулы әзірлеу уақытын орнатыңыз. Сағат шамасын арттыру үшін батырмасын,
азайту үшін — батырмасын басыңыз.
3. батырмасын қайта басыңыз және және батырмаларының көмегімен минут
шамасын орнатыңыз. Сағаттар мен минуттарды арттыру бір-бірінен тәуелсіз жүреді.
Диапазонның максималды шамасына қол жеткізгеннен кейін орнату диапазон басынан
басталады. Шаманы жылдам өзгерту үшін қажетті батырманы басып, ұстап тұрыңыз.
4. 5 секунд бойы басқару тақтасында батырма баспаңыз. Өзгертулер автоматты түрде
сақталады.
Егер әзірлеу уақытының шамасын 00:00 орнатсаңыз, бағдарлама жұмысы тоқтатылады.
Автоматты бағдарламаларды қолданған кездегі әрекеттердің жалпы тәртібі
МАҢЫЗДЫ! Егер сіз суды қайнатуға арналған құралды қолдансаңыз (мысалы, өнімдерді
пісіру үшін), дайындау температурасын 100 °С-дан жоғары қоюға ТЫЙЫМ САЛЫНАДЫ. Бұл
құралдың қызып кетуіне және сынуына әкелуі мүмкін. Осы себеппен суды қайнату үшін
«ВЫПЕЧКА», «ЖАРКА», «ХЛЕБ», «ПИЦЦА» бағдарламаларын қолдануға ТЫЙЫМ САЛЫНАДЫ.
1. Қажетті ингредиенттерді дайындаңыз (өлшеңіз).
2. Ингредиенттерді мультипісіргіш тостағанында әзірлеу бағдарламасына сәйкес орна-
ластырып, оны аспап корпусына салыңыз. Барлық ингредиенттердің, соның ішінде
сұйықтық тостағанның ішкі бетінде максималды белгісінен төмен болуын бақылаңыз.
Тостаған қиғаштықсыз орнатылғандығына және қыздырғыш элементпен тығыз жана-
сатындығына көз жеткізіңіз.
3. Мультипісіргіш қақпағын тарсылға дейін жабыңыз. Аспапты электр желісіне қосыңыз.
Құралды күту режиміне ауыстырыңыз.
«ЭКСПРЕСС» бағдарламасын іске қосу үшін күту режимінде «Старт» батырмасын басыңыз.
КӨҢІЛ АУДАРЫҢЫЗ! Егер сіз көп өсімдік майын қолданып, жоғары температурада тамақ
пісіретін болсаңыз, онда құралдың қақпағын ашық қалдырыңыз.
4. Әзірлеу бағдарламасын таңдау үшін басқару панелінде сәйкес батырманы басыңыз.
Батырма жанындағы индикатор жанады, дисплейде әдепкі әзірлеу уақыты мен
индикаторы пайда болады. «МУЛЬТИПОВАР» бағдарламасын таңдау кезінде дисплей-
де температураның әдепкі шамасы шығады.
«МУЛЬТИПОВАР» бағдарламасында сіз бағдарлама басталғанша сіз қалаулы әзірлеу
температурасын орната аласыз. Мәнді арттыру үшін батырмасын, азайту үшін
батырмасын пайдаланыңыз.
5. Егер сізді әдепкі бойынша орнатылған әзірлеу уақыты қанағаттандырмаса, сіз оның
шамасын өзгерте аласыз.
6.
Қажет кезде стартты кейінге қалдыру уақытын орната аласыз. Старттың уақытын
шегеру функциясы «ПАСТА», «ЖАРКА» және «ЭКСПРЕСС» бағдарламаларын қолдану
кезінде қолжетімсіз.
7. Дайындау бағдарламасын іске қосу үшін, «Старт» батырмасын басыңыз, индика-
торы жанады (егер бұл функция қосулы болса). Әзірлеу уақытының кері санағы,

Содержание

Похожие устройства

Скачать