Samsung BRB267034WW [103/180] Қадам 4 деңгейлеу тіректерін реттеңіз

Samsung BRB267034WW [103/180] Қадам 4 деңгейлеу тіректерін реттеңіз
Қазақ 39
Орнату
ҚАДАМ: 4 Деңгейлеу тіректерін реттеңіз
АБАЙЛАҢЫЗ
Тоңазытқышты тегіс, қатты еденге қойып деңгейін реттеу керек. Бұлай істемегенде тоңазытқышқа
зақым келуі немесе адам жарақат алуы мүмкін.
Тоңазытқыштың деңгейін тоңазытқыш бос тұрған кезде реттеу керек. Тоңазытқыштың ішінде ешбір
тағам жоқ екеніне көз жеткізіңіз.
Тоңазытқыштың деңгейін реттеу үшін, деңгейді реттеуге арналған арнайы бұрандасы (деңгейлегіші)
бар алдыңғы тіректерін қолдануға болады. Деңгейді реттеу үшін жалпақ басты бұранда бұрағышты
пайдаланыңыз.
Сол жақтың биіктігін реттеу үшін:
Жалпақ ұшты бұранда бұрағышты алдыңғы сол
жақ тіректің деңгейлегішіне салыңыз. Биіктету үшін
деңгейлегішті сағат тілінің бағытымен, төмендету
үшін сағат тілінің бағытына қарсы бұраңыз.
Оң жақтың биіктігін реттеу үшін:
Жалпақ ұшты бұранда бұрағышты алдыңғы оң
жақ тіректің деңгейлегішіне салыңыз. Биіктету үшін
деңгейлегішті сағат тілінің бағытымен, төмендету
үшін сағат тілінің бағытына қарсы бұраңыз.
ЕСКЕРТПЕ
Тоңазытқыш пен шкаф не ұяның арасына 41
мм (A: сырғытпа топса мен тұрақты бекітілген
топсаның екеуіне де) орын қалдырыңыз. Содан
кейін алдыңғы тіректерін бұрандалармен бекітіңіз.
Untitled-5 39 2021-04-06  4:06:20

Содержание

Скачать