Haier HD90-A2959 [38/100] Қауіпсіздік техникасы бойынша ақпарат

Haier HD90-A2959 [38/100] Қауіпсіздік техникасы бойынша ақпарат
1-Қауіпсіздік техникасы бойынша ақпарат
KZ
Күнделікті қолдану
ЕСКЕРТУ!
f Құрылғыда келесі заттарды құрғатпаңыз:
f Жуылмаған заттар.
f Тамақ майы, ацетон, алкоголь, жанармай, мотор отыны,
керосин, дақ кетіргіштер, скипидар, балауыз, балауызды
кетіруге арналған заттар немесе басқа химиялық заттар
сияқты жеңіл тұтанатын заттармен ластанған заттар. Олардың
буы өрт немесе жарылыс тудыруы мүмкін. Бұл заттарды
әрдайым қосымша жуғыш затпен ыстық суда қолмен жуу
керек, содан кейін кептіру машинасында кептірмес бұрын
ашық ауада кептіру керек.
f Құрамында толтырмасы немесе толтырғышы бар заттар
(мысалы, жастықтар, курткалар), өйткені толтырғыш сыртқа
шығып, кептіру машинасында тұтануы мүмкін.
f Құрамында резеңке, поролон (латекс поролоны) немесе
резеңке тәрізді материалдары көп заттар, мысалы, душқа
арналған бас киімдер, су өткізбейтін маталар, резеңке
бұйымдар, киім-кешектер және поролон толтырғыштары бар
жастықтар.
f Конденсацияланған су ішуге тыйым салынады.
f Кептіру машинаны орнатылған түкке арналған сүзгісіз
немесе конденсатор сүзгісінсіз немесе зақымдалған сүзгімен
пайдаланбаңыз.
f Назар аударыңыз, кептіру циклінің соңғы бөлігі киімдердің
температурасы оның бүлінуі орын алмайтын жағдайдағы
деңгейде қалуы үшін қызусыз (салқындату циклі) жүреді.
f Кептіру машинасын жұмыс кезінде тіпті аз уақыт бойына
қараусыз қалдырмаңыз. Егер ұзақ уақытқа кету жоспарланса,
кептіру циклін үзіп, кептіру машинасын өшіріп, оны желіден
ажырату керек.
f Кептіру циклі аяқталғанға дейін құрылғыны өшірмеңіз, жылуды
босату үшін егер барлық заттар тез алынып тасталмаса және
жайылмаса.
f Электр қуатын үнемдеу үшін және қауіпсіздік мақсаттарында әр
кептіру бағдарламасынан кейін кептіру машинасын өшіріңіз.
Техникалық қызмет көрсету / тазалау
f Егер олар тазалау және техникалық қызмет көрсету жұмыстарын
жүргізсе, балалардың бақылауда екеніне көз жеткізіңіз.
f Кез-келген техникалық қызмет көрсетуді бастамас бұрын,
кептіру машинасын электр желісінен ажыратыңыз.
38

Содержание

Скачать