Samsung HW-Q600B [119/134] Bluetooth power қосулы sound mode

Samsung HW-Q600B [119/134] Bluetooth power қосулы sound mode
KAZ - 30
Келесі жағдайларда Bluetooth құрылғысынан шуыл шығуы немесе ақау пайда болуы мүмкін:
Дене Bluetooth құрылғысындағы немесе Soundbar құрылғысындағы сигнал трансиверіне
тигенде,
Электрлік өзгерістер пайда болуы мүмкін бұрыштарда немесе жақын жерде қабырға
немесе арақабырға сияқты кедергі болғанда.
Медициналық жабдық, микротолқынды пештер және сымсыз LAN құрылғылары сияқті
бірдей жиілік ауқымдарында жұмыс істейтін басқа өнімдерден радио кедергілер
болғанда.
Құрылғылар тиімді ауқымда болса да, есіктер мен қабырғалар сияқты кедергілер дыбыс
сапасына әсер етуі мүмкін.
Bluetooth опциясын пайдалану барысында Soundbar құрылғысын басқа Bluetooth
құрылғыларымен жұптастыру мүмкін емес екенін ескеріңіз.
Жұмыс барысында осы сымсыз құрылғыдан электрлік кедергі шығуы мүмкін.
Bluetooth Power қосулы (SOUND MODE)
Егер алдында жұптастырылған Bluetooth құрылғысы Bluetooth Power қосулы функциясы
қосылғанда және Soundbar құрылғысы өшірілгенде Soundbar құрылғысымен жұптаспақ болса,
Soundbar құрылғысы автоматты түрде қосылады.
1. Soundbar құрылғысы қосылып тұрғанда қашықтан басқару құрылғысындағы SOUND MODE
түймесін 5 секундтан артық басып тұрыңыз.
2. ON-BLUETOOTH POWERпараметрі Soundbar құрылғысының дисплейінде пайда болады.
Bluetooth құрылғысын Soundbar құрылғысынан ажырату
Bluetooth құрылғысын Soundbar құралынан ажырата аласыз. Нұсқауларды Bluetooth
құрылғысының пайдаланушы нұсқаулығынан қараңыз.
Soundbar құралы ажыратылады.
Soundbar құрылғысы Bluetooth құрылғысынан ажырағанда, Soundbar алдыңғы дисплейінде
BT DISCONNECTEDхабары шығады.
Bluetooth құрылғысынан Soundbar құрылғысын ажырату
Үстіңгі панельдегі немесе қашықтан басқару құралындағы астапқы көз) түймесін басыңыз,
содан кейін BT” режимінен басқа кез келген режимге қосыңыз.
Ажырау процесі біраз уақыт алады, себебі Bluetooth құрылғысы Soundbar құрылғысынан
жауап алуы керек. (Bluetooth құрылғысына байланысты ажырау уақыты әртүрлі болады)
Soundbar құрылғысы Bluetooth құрылғысынан ажырағанда, Soundbar алдыңғы дисплейінде
BT DISCONNECTEDхабары шығады.

Содержание

Похожие устройства

Скачать
Случайные обсуждения