Samsung MX-ST90B [126/134] Ақауларды іздеу және жою

Samsung MX-ST90B [126/134] Ақауларды іздеу және жою
KAZ - 32
08 АҚАУЛАРДЫ ІЗДЕУ ЖӘНЕ ЖОЮ
Көмекке жүгінбестен бұрын келесілерді тексеріңіз.
Sound Tower қосылмайды.
; Қуат қашықтан басқару пульті немесе
мобильді Party Audio қолданбасы
арқылы өшірілмейді, қуат ашасын алып
тастаңыз, сәлден кейін оны қайтадан
қосыңыз, Sound Tower жүйесін қосу
үшін POWER түймесін басыңыз.
Sound Tower тұрақсыз жұмыс істейді.
; Қуат ашасын алып тастап, сәлден кейін
қайта қосыңыз, содан кейін Sound Tower
жүйесін қосу үшін POWER түймесін
басыңыз.
; Сыртқы құрылғының қуатын өшіріп-қосып,
әрекетті қайталаңыз.
; Сигнал болмаған жағдайда, Sound Tower
белгілі бір уақыт кезеңінен кейін автоматты
түрде өшеді. Sound Tower жүйесін қосу
үшін POWER түймесін басыңыз.
Егер қашықтан басқару пульті жұмыс істемесе.
; Қашықтан басқару пультін Sound Tower
жүйесіне тура бағыттаңыз.
; Батареяларды жаңасына ауыстырыңыз.
Sound Tower жүйесі Bluetooth арқылы
ешқандай дыбыс шығармайды.
; Sound Tower жүйесінің дыбыс деңгейі
тым төмен немесе дыбыс өшірілген.
Дыбыс деңгейін көбейту үшін дыбыс
деңгейін көбейту түймесін басыңыз.
; Кез келген сыртқы құрылғы (STB,
Bluetooth құрылғысы, мобильді
құрылғы және т.б.) қосылған кезде,
сыртқы құрылғының дыбыс деңгейін
көбейтіңіз.
; Теледидардың дыбыстық шығысы
ретінде Sound Tower таңдаңыз.
(Samsung теледидары: Home Menu →
Settings → All Settings → Sound → Sound
Output → Sound Tower таңдау).
; Қуат ашасын алып тастап, сәлден кейін
оны қайта қосыңыз, содан кейін Sound
Tower жүйесін қосу үшін POWER
түймесін басыңыз.
; Жаңа құрылғы жалғаған кезде, жалғау
үшін «BT PAIRING» режиміне
ауыстырыңыз.(«BT PAIRING» режиміне
кіру үшін қашықтан басқару пультіндегі
PAIRING түймесін 5 секундтан астам
уақыт басып тұрыңыз немесе артқы
панельдегі PAIRING түймесін бір рет
басыңыз.)
Sound Tower жүйесі Bluetooth арқылы
жалғанбайды.
; Sound Tower жүйесі басқа құрылғыға
қосылған болса, сол құрылғыны
ауыстыру үшін, алдымен оны
ажыратыңыз.
; Bluetooth құрылғысының және Sound
Tower жүйесінің Bluetooth жұптастыру
функциясын іске қосыңыз.
; Sound Tower жүйесін Bluetooth
құрылғыңызға 1 метр шамасында
жақындатып қойған жөн.
; Қуат ашасын алып тастап, сәлден кейін
қайта қосыңыз, содан кейін Sound Tower
жүйесін қосу үшін POWER түймесін
басыңыз.
Bluetooth арқылы қосылған кезде дыбыс
шығады.
; «Sound tower» құрылғысына тым жақын
орнатылған жағдайда, кейбір
құрылғылар, мысалы, микротолқынды
пештер, сымсыз маршрутизаторлар
және т.б. радиокедергілер тудыруы
мүмкін.
; Егер Bluetooth арқылы жалғанған
құрылғыңыз Sound Tower жүйесінен
тым алыстап кетсе. Құрылғыны Sound
Tower жүйесіне жақындатыңыз.

Содержание

Похожие устройства

Скачать