LG TW252S [53/140] Қызмет көрсету

LG TW252S [53/140] Қызмет көрсету
7
ҚАУІПСІЗДІК НҰСҚАУЛАРЫ
ҚАЗАҚША
Егер газ (изобутан, пропан, табиғи газ, т.б.) шығып жатса,
құрылғыны немесе қуат ашасын ұстамаңыз және бөлмені дереу
желдетіңіз.
Қыс мезгілінде су ағызу шлангісі не кіріс шлангісі қатып қалса,
оны тек еріткеннен кейін пайдаланыңыз.
Барлық жуу құралдарына, жұмсартқыштарға және
ағартқыштарға балаларды жақындатпаңыз.
Ашаны немесе құрылғыны басқару бөліктерін ылғал қолдармен
ұстамаңыз.
Қуат сымын артық бүкпеңіз не оған ауыр зат қоймаңыз.
Жуу барысында құрылғыдан аққан суды ұстамаңыз.
Дренаж дұрыс жұмыс істейтініне көз жеткізіңіз. Егер су тиісті
түрде ағызылмаса, Сіздің еденіңізді су басуы мүмкін.
Қуат ашасының байланысқан жерлерінен кір немесе шаңды
сүртіңіз.
Қызмет көрсету
Құрылғыны тазалаудың алдында, құрылғыны қуат көзінен
ажыратыңыз. Басқару параметрлерін ӨШІРУЛІ күйіне немесе
күту режиміне орнатсаңыз, бұл құрылғыны қуат көзінен
ажыратпайды.
Кез келген ылғалды және шаңды толығымен кетіргеннен соң,
саңылаулы розеткаға қуат ашасын қауіпсіз етіп жалғаңыз.
Оны тазалау үшін құрылғының ішіне не сыртына су бүркімеңіз.
Құрылғыны тоқтан ешқашан қуат кабелінен тартып
ажыратпаңыз. Әрқашан қуат ашасын мықтап ұстап, розеткадан
тіке тартып алыңыз.
Құрылғыны тек LG Electronics сервистік орталығынан білікті
сервистік қызметкерлер ғана бөлшектеуі, жөндеуі немесе
түрлендіруі тиіс. Құрылғыны басқа жерге жылжытсаңыз және
орнатсаңыз, LG Electronics ақпарат орталығына хабарласыңыз.
kk_main.book.book Page 7 Thursday, September 2, 2021 3:31 PM

Содержание

Похожие устройства

Скачать