Samsung VC15K4136HB/EV [30/48] Ескерту алдын алу

Samsung VC15K4136HB/EV [30/48] Ескерту алдын алу
ҚАЗАҚША-14
Ескерту/алдын алу
Пайдалану
Ескерім
f Шаңсорғыштың ешбір түймешігі басылмай
30 минуттан астам қосылып тұрса, қауіпсіздік
құралы оны тоқтан ажыратады. Бұндай
жағдайда, корпустың
[ ]
(Қуат) түймешігін
басыңыз немесе қуат ашасын суырып, содан
кейін қайта қосыңыз.
f Шаң тазалағыш шөткені немесе жіңішке
құралды қолданғанда, шаңсорғыштың
дірілдегенін сезінуіңіз мүмкін.
f Шаңсорғышты алып жүру барысында шаң
сауытының тұтқасындағы түймешікті баспаңыз.
f Шаң сауыты ағытылып қалмау үшін қауіпсіздік
құралы қосылғаннан кейін жұмыс кезінде
естілетін шуыл өзгеруі мүмкін.
Шаң сауытының табанындағы жұмыр түтікше
шаңның төгіліп қалуына жол бермейді.
Назар салыңыз!
f Қуат ашасын розеткадан алған кезде, сымынан
тартпай, ашасынан ұстап ағытыңыз.
Сақтау
Ескерім
f Қуат сымын ұстап тұрып, содан кейін [ ]
(Сымды қайта орау) түймешігін басыңыз, себебі
қайта орап жатқан кезде қуат сымы босап кетсе
жарақат алуыңыз мүмкін.
f Қуат сымы қайта дұрыс оралмай тұрса, қуат
сымын шамамен 2~3 м тартып шығарғаннан
кейін [
] (Сымды қайта орау) түймешігін қайта
басыңыз.
Назар салыңыз!
f Шаңсорғыш деформацияланып немесе
түсі өңсізденуін кетпеу үшін көлеңке жерге
қойыңыз.
Тазалау және күтім көрсету
Ескерім
f Шаң сауытын тазарақ ұстау үшін, жылымшы
суға бейтарап жуғыш заттан салып, сүзгіні жуу
алдында 30 минут жібітіп қойыңыз.
f Сыртқы сүзгіні сумен жумаңыз.
f Сыртқы сүзгіні жақсы жұмыс істейтін қалыпта
ұстау үшін жылына бір рет ауыстырыңыз.
f Едендерге сызат түсуге жол бермеу үшін
шөткенің қалып-күйін тексеріп, егер жеміріліп
қалса ауыстырыңыз.
f Мини турбоның таспасын тексеріп, жақсы
күйде екеніне көз жеткізіңіз. Егер таспа сынса
немесе оған сызат түссе, "Таспаны ауыстыру"
нұсқауларына сай ауыстырыңыз.
f Қосалқы сүзгілерді жергілікті Samsung
дистрибьютерлерінен алуға болады.
Назар салыңыз!
f Шаң сүзгісі дұрыс салынбаса шаң сору
әжептәуір төмендеуі мүмкін.
f Шаң сүзгісін шаңсорғышқа салар алдында
әбден құрғақ тұрғанына көз жеткізіңіз. Кептіру
үшін 12 сағат қойыңыз.
f Шаң сүзгісі майысып немесе өңі кетпеу үшін
күннің көзіне емес, көлеңкеге қойып кептіріңіз.
f Шаң сауытын суық сумен жууға болады.
f Шаң сору қарқыны ұдайы төмендей берсе
немесе шаңсорғыш әдеттен тыс қызып кетсе,
сыртқы сүзгіні тазалаңыз.
f Түтікке кептелген бөгде заттарды ала
алмасаңыз, жақын жердегі қызмет көрсету
орталығына хабарласыңыз.
f Тазалау үшін құрал қажет болса, торға зақым
келтіріп алмау үшін абай болыңыз.
SC07H40@0V SERIES_4ge_00724G-16_CIS.indb 14 2019-06-23 오후 7:32:27

Содержание

Похожие устройства

Скачать