Samsung VC21K5177HB [40/64] Қосымшалар

Samsung VC21K5177HB [40/64] Қосымшалар
Қазақша
18
ҚОСЫМШАЛАР
Қолдану барысында
ЕСКЕРТПЕ
Шаң сорғыш 30 минуттан астам қосылып,
осы кезде ешбір түймесі басылмай
тұрса, қауіпсіздік құралы токты сөндіреді.
Бұндай жағдайда корпустың [Power] (Қуат)
түймесін басыңыз немесе қуат сымын
ағытып, содан кейін қайта қосыңыз.
Тұтқадағы басқару құралы жұмыс істемей
тұрса, шаңсорғышты корпуста орнатылған
[Power] (Қуат) түймесімен іске қосуға
болады.
Шаң тазалайтын шөткені немесе сүйір
құралды пайдаланғанда, шаңсорғышта
діріл пайда болғанын сезінуіңіз мүмкін.
Шаңсорғышты алып жүрген кезде
шаң сауытының тұтқасындағы түймені
баспаңыз.
Қауіпсіздік құралы қосылғаннан кейін
шаң сауыты түсіп қалмау үшін жұмыс
барысында естілетін дыбыс өзгеруі мүмкін.
Шаң сауытының астыңғы жағындағы
дөңгелек түтік шаң төгіліп қалуға жол
бермейді.
АБАЙЛАҢЫЗ
Ашаны розеткадан суырғанда, сымынан
тартып емес, ашаны ұстап тұрып суыру
керек.
Тазалау және күтім көрсету
ЕСКЕРТПЕ
Шаң сүзгісін таза етіп ұстау үшін, жылымшы
суға бейтарап жуғыш заттан қосып, сүзгіні
жуу алдында 30 минут жібітіп қойыңыз.
Шығыс сүзгісін сумен жумаңыз.
Шығыс сүзгісін жақсы күйде ұстау үшін
жылына бір рет ауыстырыңыз.
Едендерге сызат түсірмеу үшін шөткенің
күйін тексеріп, тозған болса ауыстырыңыз.
Қосалқы сүзгілерді жергілікті Samsung
қызмет агенттерінен алуға болады.
Қуат сымын ұстап тұрып, Сымды орау
түймесін басыңыз, себебі, сымды орау
барысында босап кетсе, жарақат алуыңыз
мүмкін.
Қуат сымы дұрыс оралмаса, сымды қайта
2 ~ 3 м тартып шығарғаннан кейін Сымды
орау түймесін қайта басыңыз.
АБАЙЛАҢЫЗ
Шаң сүзгісін шаңсорғышқа қайта салар
алдында әбден кепкеніне көз жеткізіңіз.
12 сағат кептіріп қойыңыз.
Шаң сүзгісі майысып немесе өңсізденбеу
үшін күннің көзіне емес, көлеңкеге қойып
кептіріңіз.
Шаң сауытын суық сумен жуу қажет болуы
мүмкін.
Шаң сору қарқыны үздіксіз төмендесе
немесе шаңсорғыш қатты қызып кетсе,
шығаберіс сүзгіні тазалаңыз.
Шаң сүзгісін теріс құрастырса, шаң сору
қарқыны әжептәуір төмендеуі мүмкін.
Түтіктегі бөгде заттарды ала алмасаңыз,
жақын жердегі қызмет көрсету агентіне
хабарласыңыз.
Шаңсорғыш деформацияланып немесе
өңсізденіп қалмау үшін көлеңке жерде
сақтаңыз.
Ескертпелер мен ескертулер
ҚОСЫМШАЛАР
2_VC5100_KK_00744G-08_CIS.indd 18 2019-03-20 오후 4:59:34

Содержание

Похожие устройства

Скачать