Gorenje W1D2A854ADPS Руководство по эксплуатации онлайн [41/71] 786196

Gorenje W1D2A854ADPS Руководство по эксплуатации онлайн [41/71] 786196
ҚОЛДАНАР АЛДЫНДА
1. Қаптамасын ашу және қарап-тексеру
Машинаның қаптамасын ашыңыз және оның бүлінбегеніне көз жеткізіңіз. Егер күмән
туындаса, кір жуу машинасын қолданбаңыз. Сервис орталығына немесе аспапты сатып
алған сауда ұйымына хабарласыңыз.
Жиынтығына барлық қажетті бөлшектер мен жиынтықтардың кіретініне көз
жеткізіңіз.
Қаптама материалдарды (пластик пакеттер, полистироль бөлшектер және т.б.)
балалардың қолдары жетпейтін жерлерде сақтаңыз, өйткені олар қауіп төндіреді.
2. Тасымалдау бұрандаларын алу
Кір жуу машинасы тасымалдау кезінде ішкі бөлшектердің бүліну ықтималдығының
алдын алу үшін тасымалдау бұрандаларымен жабдықталған.
Машинаны қолданбас бұрын тасымалдау бұрандаларын алып тастау қажет.
Бұрандаларды алғаннан кейін саңылауларды 4 пластмасса бітемелермен жауып
қойыңыз.
3. Кір жуу машинасын орнату
Кір жуу машинасын өзіңіз таңдаған орынға орналастырыңыз; аспапты қақпағынан
ұстап жылжытпаңыз.
Аспапты қатты тегіс бетке, дұрысы бөлменің бұрышына орнатыңыз.
Машинаның төрт аяғының еденге тіреліп тұрғанына көз жеткізіңіз, содан соң
машинаның қаншалықты тегіс орнатылғанын тексеріңіз (деңгей өлшегішті
қолданыңыз).
Егер кір жуу машинасы кілем жабынға орнатылатын болса, түгінің желдетуге кедергі
келтірмейтініне және қиындатпайтынына көз жеткізіңіз (желдету саңылаулары
машина негізінде орналасады).
4. Құю шлангын жалғау
Құю шлангын жергілікті сумен қамту кәсіпорнының талаптарына сәйкес жалғаңыз.
Моделіне байланысты жалғау мынадай болуы мүмкін:
жалғыз: тек салқын суға,
қосарланған: салқын және ыстық суға.
Су беру краны: шлангтың 3/4" ирек оймалы байланыстырғышы.
5. Ағызу шлангын жалғау
Ағызу шлангын сифонға жалғаңыз немесе жиынтықта ұсынылған U-тәрізді имекті
қолданып, раковинаның жиегіне іліп қойыңыз.
Егер кір жуу машинасы жалпы канализацияға жалғанған болса, суды бір уақытта беру
мен ағызудың алдын алу үшін канализация желісінің желдету жүйесімен
жабдықталғанына көз жеткізіңіз.
Кір жуу машинасынан ыстық суды ағызу кезінде күйіп қалмау үшін ағызу шлангын
сенімді бекітіңіз.
6. Электр желісіне жалғау
Электрлік жалғауды өндірушінің нұсқауларына және қауіпсіздік техникасы
ережелерінің ағымдағы стандарттарына сәйкес білікті маман орындауы тиіс.
Кернеу, тұтынылатын қуат туралы деректер және қорғауға қойылатын талаптар
есіктің ішкі бетінде көрсетілген.
Аспап желіге қолданыстағы талаптарға сәйкес жерге тұйықталған розетка арқылы
жалғануы тиіс. Талаптарға сәйкес кір жуу машинасы жерге тұйықталуы тиіс.

Содержание

Скачать