Gorenje W1D2A854ADPS [43/71] Сақтық шаралары және маңызды ақпарат

Gorenje W1D2A854ADPS [43/71] Сақтық шаралары және маңызды ақпарат
САҚТЫҚ ШАРАЛАРЫ ЖӘНЕ МАҢЫЗДЫ АҚПАРАТ
1. Қаптама
Қаптама материалдары қайта өңдеу үшін толықтай жарамды және қайта өңдеу
символы бар таңбаға ие. Қаптама материалдарды кәдеге жарату кезінде жергілікті
заңнама нормаларын ұстаныңыз.
2. Кір жуу машинасын және қаптама материалдарды кәдеге жарату
Кір жуу машинасы қайта қолдануға болатын материалдардан жасалған. Машинаны
жергілікті қалдықтарды кәдеге жарату нормаларына сәйкес кәдеге жаратыңыз.
Кәдеге жаратуды бастамас бұрын жуу құралының барлық қалдықтарын тазалаңыз, есік
ілмегін сындырыңыз және қорек кабелін кір жуу машинасы қолдануға жарамсыз
болатындай етіп кесіп тастаңыз.
Бұл жабдық Электрлік және электронды жабдықтардың қалдықтары туралы
2012/19/EС еуропа деректемесіне (WEEE) сәйкес таңбаланған. Бұйымды
кәдеге жарату ережелерін сақтау арқылы осы сияқты қалдықтармен тиісті
түрде әрекет жасамау салдарынан қоршаған ортаға және адамдардың
денсаулығына зиян келтірудің алдын ала аласыз.
Бұйымдағы немесе оның ілспе құжаттарындағы символ оның тұрмыстық
қалдықтар ретінде кәдеге жаратылмауы тиіс екендігін көрсетеді. Бұйымды одан ары
кәдеге жарату үшін оны электронды және электрлік жабдықтардың тиісті орындарына
тапсырған жөн. Кәдеге жарату кәдеге жарату жөніндегі жергілікті нормаларға сәйкес
жүзеге асырылуы тиіс. Бұйымды кәдеге жарату туралы толық ақпарат алу үшін
жергілікті билік органдарына, шақырылатын және қалдықтарды кәдеге жаратын
қызметке немесе осы бұйымды сатып алған дүкенге хабарласыңыз.
3. Орнатылатын орынды және қоршаған кеңістікті таңдау
Кір жуу машинасын тек жабық бөлмелерге орнатыңыз. Ванна бөлмесіне немесе басқа
да дымқыл бөлмелерге орнатпаған жөн.
Аспапқа жақын жерлерде тез жанатын сұйықтықтарды сақтамаңыз.
4. Қауіпсіздік
Егер аспап қолданылмайтын болса, ашаны розеткадан ажыратыңыз. Қорек шнурын
ешқашан дымқыл қолыңызбен жалғамаңыз және ажыратпаңыз.
Су беру кранын жабыңыз.
Тазалауды және қызмет көрсетуді бастамас бұрын машинаны өшіріп, электр желісінен
ажыратыңыз.
Кір жуу машинасының сыртқы беттерін дымқыл матамен тазалаңыз. Абразивтік жуу
құралдарын қолданбаңыз.
Машинаның есігін ешқашан күш салып ашпаңыз және есікті саты ретінде
қолданбаңыз.

Содержание

Скачать