Gorenje W1D2A854ADPS Руководство по эксплуатации онлайн [45/71] 786196

Gorenje W1D2A854ADPS Руководство по эксплуатации онлайн [45/71] 786196
АЛҒАШ ЖУУ АЛДЫНДА
Зауыттық сынақтар өткізгеннен кейін машинада қалған суды жою үшін киім-кешек
салмай жуудың қысқа циклін орындау ұсынылады.
1.
Су беру кранын ашыңыз.
2.
Машинаның есігін жабыңыз.
3.
Негізгі жууға арналған бөлікке аз ғана (шамамен 30 мл) жуу құралын салыңыз.
4.
Жуудың қысқа бағдарламасын таңдаңыз және іске қосыңыз (қысқаша нұсқаулықты
қараңыз).
ЖУУҒА ДАЙЫНДАУ
1. Келесі критерийлерді есепке ала отырып, киім-кешекті сұрыптаңыз
Мата түрі/заттаңбадағы күтім жөніндегі символ
Мақта, аралас маталар, ерекше күтімді қажет етпейтін киім-кешектер/синтетика, жүн,
қолмен жууға арналған киім-кешектер.
Түсі
Түрлі-түсті бұйымдарды ақ бұйымдардан бөліңіз. Жаңа түрлі-түсті киім-кешектерді
бөлек жуыңыз.
Өлшемі
Өлшемдері әр түрлі киім-кешектерді бірге жуған дұрыс, өйткені бұл олардың
барабанда біркелкі таралуын жақсартады және жуу тиімділігін арттырады.
Матаның сезімталдығы
Ұсақ киім-кешектерді (мысалы, нейлон шұлық, белдіктер және басқалары) және
ілмектері бар бұйымдарды (мысалы, бюстгальтерлер) арнайы қапқа немесе сырмағы
бар жастық тысқа салып жуыңыз. Әрқашан перделердің ілмектерін алып тастаңыз
немесе ілмектері бар перделерді қаптарға салыңыз.
2. Қалталарды тексеріңіз
Тиындар, түйреуіштер және басқа да осы сияқты заттар киім-кешектерді, барабанды
және машина багын бүлдіруі мүмкін.
3. Сырмақтар
Сырмақтарды, түймелерді немесе ілмектерді тағыңыз, белдіктер мен ленталарды
байлаңыз.
4. Дақтарды кетіру
Қан, сүт, жұмыртқа дақтары және осы сияқты ластар ереже бойынша жуу
бағдарламасының тиісті кезеңінде ферменттердің әсерімен жойылады.
Қызыл шараптың, кофенің, шайдың, шөптің және жемістердің дақтарын кетіру үшін
негізгі жууға арналған бөлікке дақ кетіргіш салып жіберіңіз.
Қажет болса қатты ластануларды жууды бастамас бұрын дақ кетіргішпен өңдеп
алыңыз.

Содержание

Скачать