Gorenje W1D2A854ADPS Руководство по эксплуатации онлайн [52/71] 786196

Gorenje W1D2A854ADPS Руководство по эксплуатации онлайн [52/71] 786196
АҚАУЛАРДЫ ЖОЮ
Кір жуу машинасында (моделіне байланысты) түрлі автоматты қорғау функциялары
қарастырылған. Олар кідірістерді уақытылы анықтауға және тиісті шараларды
қабылдауға мүмкіндік береді. Жұмыстағы ақаулықтардың себебі өз бетінше жоюға
болатын ұсақ ақаулар болуы мүмкін.
Машина қосылмайды, индикаторлар жанбайды.
Келесілерді тексеріңіз:
аша розеткаға салынған ба,
розетка жұмыс жасап тұр ма (тексеру үшін үстел шамын қолдануға болады),
Машина қосылмайды, «Старт/Үзіліс» индикаторы жыпылықтайды.
Келесілерді тексеріңіз:
машина есігі тығыз жабылған ба (балалар қауіпсіздігі),
«Старт/Үзіліс» батырмасы басылған ба,
«Су беру краны жабылған» индикаторы жыпылықтай ма. Кранды ашып,
«Старт/Үзіліс» батырмасын басыңыз.
Машина бағдарлама барысында тоқтап қалды.
Келесілерді тексеріңіз:
Есік ашылып және «Старт/Үзіліс» индикаторы жыпылықтап тұрған жоқ па. Есікті
жауып, «Старт/Үзіліс» батырмасын басыңыз,
машина ішінде көбік өте көп емес пе; бұл жағдайда машина көбік деңгейін
төмендету режиміне ауысады, содан соң жұмысын автоматты түрде жалғастырады,
кір жуу машинасының қорғаныс жүйесі іске қосылмаған («Қате кодтары»
бөлімін қараңыз)
Жуу құралдары мен қоспалар дозатордан толықтай шайылмайды.
Келесілерді тексеріңіз:
кондиционерге арналған бөлікке тор және негізгі жууға арналған бөлікке бөлгіш
дұрыс орнатылған ба және бөлшектердің барлығы таза ма («Тазалау және қызмет
көрсету» бөлімін қараңыз),
судың жеткілікті мөлшері беріле ме; құю шлангының торлы сүзгілері бітеліп
қалған болуы мүмкін («Тазалау және қызмет көрсету» бөлімін қараңыз),
негізгі жууға арналған бөлікке бөлгіш дұрыс орнатылған ба («Жуу құралдары
мен қоспалар» бөлімін қараңыз).

Содержание

Скачать