LG CordZero A9N-Core Fantasy Silver [92/133] Орнату

LG CordZero A9N-Core Fantasy Silver [92/133] Орнату
5
KK
KK
Үлгі атауы EAC63382204
Түрі Қайта зарядталатын литий-ион батарея
Номиналды
сыйымдылығы
25.2 V
, 2400 mAh
Орнату
Тоқ соғуды немесе өрттің шығуын болдырмау мақсатында,
құрылғыны су, жаңбыр тамшылары немесе жоғары ылғалдылық әсер
ететін орынға орнатпаңыз, зарядтамаңыз немесе сақтамаңыз.
Құрылғыны жақсы желдетілетін орынға орнатыңыз, зарядтаңыз және
сақтаңыз.
Құрылығыны тұтанғыш газ, өндірістік май ағу немесе металл
шаңдардың болу қаупі бар аймақтарда қолданудан аулақ болыңыз.
Құрылғыны, қуат сымын немесе ашаны жылытқыш құрылғыларға
немесе ашық алау көздеріне жақын сақтамаңыз немесе орнатпаңыз.
Зарядтау станциясын берік, тегіс бетке орнатыңыз.
Ауып кетуін болдырмау үшін тік тұратын зарядтау қондырғысын
тұғырды бекіткіш бұранда, бекіткіш блок және екі бүйірлік таспаның
көмегімен қабырғаға бекітілуі тиіс.
Қабырғаға орнатылатын зарядтау қондырғысында, зарядтау
станциясы берілген қабырғаға бекіткіш бұрандалардың көмегімен
қабырғаға берік бекітілуі тиіс.
Бекіткіш бұрандаларды тек бетон немесе соған ұқсас қатты беттерге
жалғау кезінде пайдаланыңыз.
Алдымен оның артындағы аймақта қуат тізбектерінің, құбырлардың,
желдеткіштердің немесе кабельдердің бар не жоқ екенін
тексерместен қабырғаны бұрғылауға болмайды.
Құрылғыны 5 °C градустан төмен немесе 38 °C градустан жоғары
температурада пайдаланбаңыз немесе сақтамаңыз.
Құрылғыны температурасы нөлден төмен немесе сыртқы ауа-райы
жағдайлары әсер ететін орында сақтамаңыз немесе орнатпаңыз.
Құрылғыны орнату немесе жылжыту барысында, қуат сымының
немесе ашаның қысылып қалмауын, сынбауын немесе
зақымдалмауын қадағалаңыз.

Содержание

Похожие устройства

Скачать