Midea MDRB521MIE28ODM [25/102] Пайдалануға қатысты ескертулер

Midea MDRB521MIE28ODM [25/102] Пайдалануға қатысты ескертулер
6
1.4 Пайдалануға қатысты ескертулер
Тоңазытқышты өз еркіңізбен бөлшектеуге, сосын қайта құрастыруға,
сондай-ақ салқындатқыш заттың түтіктерін зақымдауға тыйым
салынады; құрылғыға тек білікті маман қызмет көрсетуі керек.
Қауіпті жағдайдың алдын алу үшін зақымдалған қуат сымын
ауыстыру жұмысын тек өндіруші, қызмет көрсету бөлімі немесе
олардың тиісті мамандары ауыстыруы керек.
Тоңазытқыш есіктері арасындағы, есіктер мен корпус арасындағы
саңылаулар тар, саусағыңызды қысып қалмау үшін қо
лыңызды бұл
жерлерге қоймаңыз. Ішіндегі заттар құлап кетпеу үшін
тоңазытқыштың есігін ақырын жабыңыз.
Аязға қолдың жабысып қалуына жол бермеу үшін тоңазытқыш
жұмыс істеп тұрған кезде мұздатқыштағы тағамдарды немесе
ыдыстарды, əсіресе металл ыдыстарды ылғал қолмен ұстамаңыз.
Балаңыздың тоңазытқыштың ішіне немесе үстіне өрмелеп шығуына
жол бермеңіз; əйтпесе бала ішінде тұншығып қалуы немесе үстінен
құлап жарақаттануы мүмкін.
Тоңазытқыштың үстіне ауыр заттар қоймаңыз, себебі есікті
жапқа
нда немесе ашқанда, заттар құлап, байқаусызда жарақат
салуы мүмкін.
1.5 Орналастыруға қатысты ескертулер
Өнімнің бүлінуіне немесе өрт шығуына жол бермеу үшін
тоңазытқышқа тез тұтанғыш, жарылғыш, ұшпа жəне жоғары
коррозиялық заттар салмаңыз.
Өрт шықпау үшін тоңазытқыштың жанына тез тұтанатын заттарды
қоймаңыз.
Бұл тоңазытқыш азық-түлікті сақтау үшін үйде пайдалануға
арналған; оны қанды, есірткіні немесе биологиялық өнімді сақтауға
жəне басқа мақсаттарға пайдалануға болмайд
ы.

Содержание

Похожие устройства