Candy CK-301 [7/15] Сақтық шаралары

Candy CK-301 [7/15] Сақтық шаралары
12 13
САҚТЫҚ ШАРАЛАРЫ
Аспапты пайдаланар алдында осы пайдаланушы
нұсқаулығын мұқият оқып шығыңыз. Нұсқаулықта
көрсетілген пайдалану ережелерін сақтамау
жарақаттар алуға және пайдаланушы мүлкінің
зақымдалуына әкелуі мүмкін.
Аспапты пайдаланар алдында электр желісінің
сипаттамалары құрылғының заттаңбасында көр-
сетілгендерге сәйкес келетініне көз жеткізіңіз.
Аспапты тек жерге тұйықталуы бар розеткаға ғана
қосыңыз (жергілікті ережелерге сәйкес орындалған
жерге тұйықталу болмаған жағдайда өндіруші
(өндірушінің уәкілетті тұлғасы) өзінен шығынды өтеу
бойынша жауапкершілік-ті алып тастайды).
Аталған аспап сенсорлық жүйе мүмкіндіктері
шектеулі немесе ақыл-ой мүмкіндіктері шектеулі
тұлғалардың (соның ішінде балалар), сонымен
қатар тәжірибесі мен білімі жеткіліксіз тұлғалардың
пайдалануы үшін тағайындалмаған.
Бұл құрылғы тек үй жағдайларында пайдалану үшін
арналған.
Электр тогынан зақымдануды болдырмау үшін
аспапты, желілік шнурды немесе желілік шнурдың
вилкасын суға немесе өзге сұйықтыққа батырмаңыз.
Қуат көзі шнурының ыстық бетке жанасуына жол
бермеңіз, бұл оның зақымдалуына әкелуі мүмкін.
Алғаш рет қосу алдында аспаптың дұрыс жи-
налғанына және барлық қаптау материалдары
жойылғанына көз жеткізіңіз.
Аспапты тегіс, құрғақ, тұрақты бетке орнатыңыз.
Аспапты үстелдің немесе үстелдің үстіңгі тақтайының
шетіне орнатпаңыз.
Шәйнекті қыздырудан пішіні өзгертілуі мүмкін за-
ттардың жанында орнатпаңыз. Шәйнектен басқа
заттарға дейінгі минималды қашықтық - 20 см.
Шәйнекті суды қыздыру үшін ғана пайдаланыңыз.
Шәйнекті қоспай тұрып оның қақпағын жабу керек.
Шәйнек қақпағын су қыздырылып жатқанда және
өшіргеннен кейін бірден ашпаңыз.
Ыстық суға толы шәйнекті пайдаланған кезде аса сақ
болыңыз, Күйіп қалмау үшін шәйнектің корпусына
қолыңызды тигізбеңіз, тұтқасынан ұстаңыз.
Ысып тұрған бос шәйнекке суық су құймаңыз,
шәйнек суығанша күтіңіз.
Қосылып тұрған шәйнекті негізінен алып тастамаңыз.
Шәйнектің корпусы мен негізін су ағынымен жумаңыз.
Жиналған қақ салдарынан шәйнек қосылып тұрғанда
қатты шу шығуы, температура датчигі қате істеуі және
су ұзағырақ қайнауы мүмкін. Қақ пайда болғанына
қарай шәйнектегі қақты кетіріп отыруға кеңес
береміз.
Тікелей күн сәулесінің түсуіне жол бермеңіз.
Аспапты басқа жылу көздерінің жанына қоймаңыз.
Судың мөлшері жеткіліксіз (500 мл-ден кем) шайнекті
іске қоспаңыз және шайнекті "MAX" белгісінен артық
толтырмаңыз, бұл ыстық судың шашырауына немесе
шайнектің сынуына әкелуі мүмкін.
Тазалау үшін абразивті тазартқыш құралдарды
немесе қатты металл жөкелерді пайдаланбаңыз.
Аспаптың корпусына бөгде заттар мен сұйықтықтың
түсуіне жол бермеңіз, бұл оның зақымдалуына әкелуі
мүмкін.
Аспапты қараусыз қалдырған кезде, оны пайдаланып
болғаннан кейін, сондай-ақ тазаламай, жылжытпай
және сақтауға алып қоймай тұрып желі баусымының
ашаны розеткадан суырыңыз.
Желі баусымының, желі баусымы ашасының және
шәйнектің зақымдалған-зақымдал-мағанын үнемі
тексеріп тұрыңыз. Кез келген түрдегі зақымдану
анықталған жағдайда, пайдалануды дереу тоқтатып,
оны тексеру, ауыстыру немесе жөндеу үшін жақын
маңдағы қызмет көрсету орталығына тапсырыңыз.
Аспап туралы ақпарат қамтылған шильдті
жоймаңыз және бүлдірмеңіз. Ол ақаулық орын
алған жағдайда аспапты дәл сәйкестендіру
үшін қажет.
Бұйымды тек қана зауыттық қаптамада, сонымен
қатар бекітілген күйінде тасымалдауға рұқсат етіледі.
Құрылғыны өткізу жүзеге асырылатын елдің
заңнамасы талаптарына сәйкес және оны сақтай
отырып, кәдеге жаратыңыз..

Содержание

Скачать