Samsung VC18M21C0CR/EV [37/60] Ескертпелер мен ескертулер

Samsung VC18M21C0CR/EV [37/60] Ескертпелер мен ескертулер
Қазақша
17
ҚОСЫМШАЛАР
Қолдану барысында
ЕСКЕРТПЕ
Өнім функциялары үлгі түріне байланысты
әр түрлі болуы мүмкін.
Шаң тазалайтын шөткені немесе сүйір
құралды пайдаланғанда, шаңсорғышта
діріл пайда болғанын сезінуіңіз мүмкін.
АБАЙЛАҢЫЗ
Ашаны розеткадан суырғанда, сымынан
тартып емес, ашасынан ұстап суыру керек.
Шаңсорғышты алып жүрген кезде
шаң сауытының тұтқасындағы түймені
баспаңыз.
Өнімді орнына қою үшін, корпус
астындағы кішкентай саңылаудағы
еденге арналған түтікшені тиісінше
орналастырыңыз.
Тазалау және күтім көрсету
ЕСКЕРТПЕ
Шаң сүзгісін тазалау үшін, жылымшы суға
бейтарап жуғыш заттан қосып, сүзгіні жуу
алдында 30 минут жібітіп қойыңыз.
Шығыс сүзгісін сумен жумаңыз.
Шығыс сүзгісін жақсы күйде ұстау үшін,
оны жылына бір рет ауыстырыңыз.
Едендерге сызат түсірмеу үшін шөткенің
күйін тексеріп, тозған болса ауыстырыңыз.
Қосалқы сүзгілерді жергілікті Samsung
қызмет агенттерінен алуға болады.
Қуат сымын ұстап тұрып, Сымды орау
түймесін басыңыз, себебі, сымды орау
барысында босап кетсе, жарақат алуыңыз
мүмкін.
Қуат сымы дұрыс оралмаса, сымды қайта
2 ~ 3 м тартып шығарғаннан кейін Сымды
орау түймесін қайта басыңыз.
Шаң сауытын босату және тазалау үшін
шаң сауытын суық сумен жуу қажет болуы
мүмкін.
Шаң сору қарқының қуаты үздіксіз
төмендесе, "Шаң сүзгісін тазалау" бөлімін
қарап, шаң сүзгісін тазалаңыз.
АБАЙЛАҢЫЗ
Шаң сүзгісін шаңсорғышқа қайта салар
алдында әбден кепкеніне көз жеткізіңіз.
12 сағат кептіріп қойыңыз.
Шаң сүзгісі майысып немесе өңсізденбеу
үшін күннің көзіне емес, көлеңкеге қойып
кептіріңіз.
Шаң сору қарқыны үздіксіз төмендесе
немесе шаңсорғыш қатты қызып кетсе,
шығаберіс сүзгіні тазалаңыз.
Шаң сүзгісін теріс құрастырса, шаң сору
қарқыны әжептәуір төмендеуі мүмкін.
Түтіктегі бөгде заттарды ала алмасаңыз,
жақын жердегі қызмет көрсету агентіне
хабарласыңыз.
Шаңсорғыш деформацияланып немесе
өңсізденіп қалмау үшін көлеңке жерде
сақтаңыз.
Ескертпелер мен ескертулер
ҚОСЫМШАЛАР
2_VC2100_KK_00758F-07_SEHC_CIS.indd 17 2019-06-20 오후 9:25:41

Содержание

Похожие устройства

Скачать