Brayer 3004BR [28/32] Жеткізілім жиынтығы

Brayer 3004BR [28/32] Жеткізілім жиынтығы
28
KZ
САПТАМА-ТАРАҚ (6)
Кәсіби саптама-тарақ шашты қалыпқа келтіруге
және тегістеуге арналған. Бұл саптамамен сіз
шашты тарақсыз кептіре аласыз.
Саптама-тарақты (6) фен корпусына жалғаңыз.
Фенді қосыңыз және қажетті жұмыс режимін
орнатыңыз.
Жұмысты аяқтағаннан кейін, жұмыс режимінің
қосқышымен шаш кептіргішті өшіріңіз, электр
розеткасынан қуаттандыру бауының ашасын
сурыңыз.
ҚЫЗЫП КЕТУДЕН ҚОРҒАНЫС
Егер шығатын ауаның температурасы артып кет-
се, қызып кетуден қорғау жүйесі фенді өшіреді.
Егер фен пайдалану барысында өшіп қалса,
электр розеткасынан желі бауының ашасын шыға-
рыңыз және ауаның шығу немесе кіру тесіктері
бұғатталмағандығын тексеріңіз.
Фенді 10-15 минут суытып, содан кейін қайтадан
қосыңыз. Фенді пайдаланғанда ауа тесіктерін
бұғаттамаңыз және ауа тартқыш тесіктерге (8)
мамық жүн, шаң, шаштың түсуіне жол бермеңіз.
ТАЗАЛАУ ЖӘНЕ КҮТІМ
Фен тек тұрмыстық пайдаланымға арналған.
Фенді өшіріңіз, ол үшін қосу/сөндіру түймесін (1)
«0» күйіне орнатып, ұстап тұрыңыз, электрлік
розеткадан қуаттандыру бауының айырын суы-
рыңыз, феннің сууына қажетті біраз уақыт күтіңіз.
Фен корпусын (5) және концентратор-қондырма-
ны (4) сәл дымқыл матамен сүртіңіз, содан кейін
құрғатып сүртіңіз.
Ауа тартқыш тесіктерді (6 ) қылшақша көмегімен
тазалаңыз.
Құрылғыны суға немесе кез-келген басқа сұй-
ықтықтарға батыруға тыйым салынады.
Корпусты (5) және концентратор-қондырманы (4)
тазалау үшін абразивтік тазалау құралдары мен
еріткіштерді пайдалануға тыйым салынады.
САҚТАЛУЫ
Фенді электр желісінен ажыратыңыз және оны
тазалаңыз.
Қуаттандыру бауын фен корпусына орауға тыйым
салынады, себебі бұл қуаттандыру бауын немесе
фен корпусын зақымдауы мүмкін.
Құрылғны салқын және құрғақ, балалардың және
мүмкіндігі шектеулі адамдардың қолы жетпейтін
жерде сақтаңыз.
ЖЕТКІЗІЛІМ ЖИЫНТЫҒЫ
1. Фен — 1 дн.
2. Қондырма-концентратор — 2 дн.
3. Диффузор қондырма — 1 дн.
4. Саптама-тарақ — 1 дн.
5. Нұсқаулық– 1 дн.

Похожие устройства

Скачать