Haier HOX-FP3AWB White [39/56] Құрылғының жұмысы

Haier HOX-FP3AWB White [39/56] Құрылғының жұмысы
11
ҚҰРЫЛҒЫНЫҢ ЖҰМЫСЫ
Тұмшашкафты жарықтандыру
1. Тұмшашкафты жарықтандыруды тұмшашкафтың жарықтандыру түймесі арқылы қосуға/
өшіруге болады.
2. Тұмшашкафты қосқан кезде, жарық 1 минутқа қосылады, содан кейін ол автоматты
түрде өшеді (энергия үнемдеу режимін өшіру үшін түймені 15 секунд басыңыз).
3. Кідірту режимінде артқы жарық өшіріледі (артқы жарық түймесін басу арқылы
жарықтандыруды қосуға болады, содан кейін ол 1 минуттан кейін автоматты түрде өшеді).
Үзіліс режимінен шыққаннан кейін жарық қыздыру эдементімен бірге қосылады да,
1 минуттан кейін сөнеді.
Балалардың қауіпсіздігі
1. Балалардың бұғаттау функциясын пісіру режимінде қосу үшін, дыбыс сигналы шыққанға
дейін «
» «–» түймесін 3 секунд басып тұрыңыз; қорек түймесі мен жарықтандыруды қосу
түймесінен басқа барлық пеш түймелері жұмыс істемейді Балалардан оқшаулауды қосу /
өшіру қолжетімді баптаулардың жұмысына əсер етпейді.
2. Балалардан бұғаттауды өшіріп, бұрын таңдалған режимге оралу үшін «
» «–»
батырмасын басып, 3 секунд ұстап тұрыңыз. Балалардан бұғаттау режимі қосулы болса,
басқару панелінің батырмаларын басқанда дыбыстық сигнал беріліп, кілт таңбасы
« »
3 рет
жыпылықтайды. Балалардан бұғаттау функциясы тұмшапешті өшіріп-қосқанда сөнбейді.
Егер балалардан бұғаттау функциясы қосулы болса, бғұаттаушы құрылғы тұмшапешті өшіріп,
қосқаннан кейін де қосулы күйінде қалады. Күту режимінде балалардан бұғаттауды өшіруге
ғана болады, оны қоса алмайсыз.
Жылдам қыздыру режимі
Таңдалған функция жұмыс істеп тұрған кезде жылдам қыздыру режиміне өту үшін « »
жəне «+» түймелерін бір уақытта 3 секунд басып тұрыңыз. Қыздырудан бас тарту үшін
əрекетті қайталаңыз.
Қыздыру жұмысы: жоғарғы ішкі қыздыру элементі + жоғарғы сыртқы қыздыру элементі +
төменгі қыздыру элементі + желдеткіш
Жылы ұстау режимі: орнатылған температураға жеткеннен кейін пешті таңдалған
функцияға сəйкес пайдаланыңыз.
Жылдам алдын ала қыздыру режимі: үш сегментті термометр белгішесі əрбір 0,5 секунд
сайын жыпылықтайды. Бұл пештің жылдам алдын ала қыздыру режимінде екенін білдіреді.
Ескертпе: Жылдам қыздыру режимі пеш 150 градустан жоғары қызатын 2-9 функциялар
үшін ғана қолжетімді.
Автоматты өшіру функциясы
Əрбір режимнің максималды жұмыс ұзақтығы бар. Автоматты өшіру функциясының келесі
параметрлері бар:
Температура Жұмыс ұзақтығы
35-120°C 24 сағат
121-200°C 6 сағат
201-250°C 4 сағат
Тұмшашкафтағы пайдаланушы белгілеген пісіру уақыты автоматты өшіру функциясына
қатысты басымдық болып табылады (мысалы, 201°C–250°C температурада, алдын
ала орнатылған автоматты өшіру 4 сағаттан кейін болады, бірақ пісіру уақыты 5 сағатқа
орнатылады, сондықтан пеш 4 сағаттан кейін автоматты түрде өшпейді, бірақ 5 сағат өткенге
дейін жұмысын жалғастырады).

Содержание

Похожие устройства

Скачать