Samsung MG23T5018AP/BW Инструкция по эксплуатации онлайн [115/192] 787287

Samsung MG23T5018AP/BW Инструкция по эксплуатации онлайн [115/192] 787287
Қазақ19
Микротолқынды пешті пайдалану
Код/Тағам Үстелге тарту
мөлшері
Құраластар
1-3
Көтеріліп піскен торт
1 порция 170 г ұн, 50 г сары май, 150 г қант, 3 дн жұмыртқа,
10 г қопсытқыш ұнтақ
Нұсқаулар
1. Шараға сары май мен қантты салыңыз.
2. Жұмыртқаны қосып, жақсылап араластырыңыз.
3. Ұнға қопсытқыш ұнтақты қосып, араластырыңыз.
4. Қоспаны майланған шыны немесе пластик шараға құйыңыз.
5. Шараны микротолқынды пешке салып, Орыс дәстүрімен пісіру
рецептісін таңдаңыз [1-3].
6. Пісіріп болғаннан кейін, 2-3 минут қоя тұрыңыз.
1-4
Брауни
1 порция 90 г ұн, ½ кесе сары май (еріген), 230 г қант, 2 дн
жұмыртқа, 40 г какао ұнтағы
Нұсқаулар
1. Шараға сары майды, шайқалған жұмыртқаны және қантты
салыңыз.
2. Ұнға какао ұнтағын қосып, араластырыңыз.
3. Қоспаны майланған шыны немесе пластик шараға құйыңыз.
4. Шараны микротолқынды пешке салып, Орыс дәстүрімен пісіру
рецептісін таңдаңыз [1-4].
5. Пісіріп болғаннан кейін 20-30 минут қоя тұрыңыз.
Код/Тағам Үстелге тарту
мөлшері
Құраластар
1-5
Жұмыртқа пуддингі
1 порция
(3 дана)
250 г сүт, 40 г қант, 2 дн жұмыртқа.
Нұсқаулар
1. Екі жұмыртқаны шараға құйыңыз. Араластырғышпен
жұмыртқаны шамалы көпіршітіңіз. Тым көп көпіршіктенбесі
үшін араластырғыштың ұшын шараның түбінен жеткізбеңіз.
2. Басқа шараға сүт пен қантты араластырыңыз.
3. Сүтті көпіршітілген жұмыртқаға құйып, қоспаны
араластырыңыз.
4. Жұмыртқа қоспасын майда көзді сүзгімен сүзіңіз. Шараның
түбін құралмен қырыңыз. Бетіндегі көбікті қасықпен алып
тастаңыз.
5. Қоспаны қайнатпа кремі бар тостақтарға құйыңыз.
6. Шараларды микротолқынды пешке салып, Орыс дәстүрімен
пісіру рецептісін таңдаңыз [1-5].
7. Пісіріп болғаннан кейін тоңазытқышқа қойып, үстелге
тартыңыз.
1-6
Тостақтағы шоколад
торт
1 порция 30 г сары май, 60 г қант, 1 дн жұмыртқа, 40 г
майлы кілегей, 25 г ұн, 15 г какао ұнтағы, 1,5 г
ваниль, 50 г тәттілігі аз шоколад чипсы
Нұсқаулар
1. Сары май, жұмыртқа мен кремді жақсылап араластырып,
тостаққа құйыңыз.
2. Ұн мен қантты қосып, араластыра беріңіз.
3. Какао мен ванильді қосып, мұқият араластырыңыз.
4. Шоколад чипсыды қосып араластырыңыз.
5. Тостақты микротолқынды пешке салып, Орыс дәстүрімен пісіру
рецептісін таңдаңыз [1-6].
6. Пісіріп болғаннан кейін, 2-3 минут қоя тұрыңыз.
MG23T5018AK_BW_DE68-04594L-00_KK_F.indd 19 2020-02-03  2:30:43

Содержание

Похожие устройства

Скачать