Lenovo Tab M8 3/32Gb LTE Grey (TB-8506X) [33/36] Қоршаған ортаны қорғау қайта өңдеу және қоқысқа тастау туралы ақпарат

Lenovo Tab M8 3/32Gb LTE Grey (TB-8506X) [33/36] Қоршаған ортаны қорғау қайта өңдеу және қоқысқа тастау туралы ақпарат
31
Қоршаған ортаны қорғау, қайта өңдеу және
қоқысқа тастау туралы ақпарат
Қайта өңдеу туралы жалпы мәлімдеме
Lenovo компаниясы ақпараттық технология (АТ) жабдығының иелеріне қажет
болмай қалған жабдықты қайта өңдеуге жауапкершілікпен қарауға шақырады.
Lenovo компаниясы жабдық иелеріне АТ өнімдерін қайта өңдеуге көмектесетін
әр түрлі бағдарламалар мен қызметтер ұсынады. Lenovo өнімдерін қайта өңдеу
туралы ақпарат алу үшін мына мекенжайға өтіңіз: http://www.lenovo.com/recycling.
Батарея мен ЭЭЖҚ-ға қатысты маңызды ақпарат
Үсті сызылған дөңгелекті себет белгішесімен белгіленген батареялар
мен электр және электрондық жабдық сұрыпталмаған тұрмыстық
қалдық ретінде қоқысқа тасталмауы тиіс. Батареялар, электр және
электрондық жабдық қалдықтары (ЭЭЖҚ) тұтынушыларға батареялар
мен ЭЭЖҚ-ны қайтаруға, қайта өңдеуге және өңдеуге арналған жинау
жүйесінде бөлек өңделуі тиіс. Мүмкіндік болса, ЭЭЖҚ-ны қоқыс жинау
жүйесіне тапсырмас бұрын, батареяларын алып, оларды бөлек
тапсырыңыз. Батареяларды батареялар мен аккумуляторларды
қайтаруға, қайта өңдеуге және өңдеуге арналған жүйеге бөлек
тапсыру керек.
Әр елге қатысты ақпаратты мына мекенжайдан алуға болады:
http://www.lenovo.com/recycling

Содержание

Похожие устройства

Скачать