Lenovo Tab M8 3rd Gen Wi-Fi 3/32Gb Iron Grey (TB-8506F) [29/36] Қайта зарядталатын ішкі батарея туралы ескерту

Lenovo Tab M8 3/32Gb LTE Grey (TB-8506X) [29/36] Қайта зарядталатын ішкі батарея туралы ескерту
27
Қайта зарядталатын ішкі батарея туралы ескерту
Қауіпті: қайта зарядталатын ішкі литий-иондық батареяны ауыстыруға
тырыспаңыз. Бастапқы батареяны үйлесімді емес батарея түрімен ауыстырған
кезде, жарылу, шамадан тыс қызу немесе басқа қауіп-қатерлер салдарынан
жарақат алу не мүліктің зақымдалу қаупі артуы мүмкін. Батареялар жинағын
бөлшектеуге немесе өзгертуге әрекет жасамаңыз. Осындай әрекет салдарынан
қауіпті жарылыс болуы немесе батарея сұйықтығы ағып кетуі мүмкін.
Батареяны қоқысқа тастағанда, тиісті жергілікті заңдардың немесе ережелердің
барлығын сақтаңыз. Батареялар жинағын тұрмыстық қоқысқа тастамаңыз.
Пайдаланылған батареяларды нұсқауларға сай қоқысқа тастаңыз.
Батареялар жинағының құрамында зиянды заттардың аздаған мөлшері бар.
Жарақат алмау үшін:
Батареялар жинағын ашық жалындардан немесе басқа жылу көздерінен аулақ
ұстаңыз.
Батареялар жинағына судың, жаңбырдың немесе басқа коррозивті
сұйықтықтардың әсеріне ұшырауына жол бермеңіз.
Батареяны температурасы өте жоғары ортада қалдырмаңыз.
Батареялар жинағының қысқаша тұйықталуына жол бермеңіз.
Батареялар жинағын кішкентай балалардан және үй жануарларынан аулақ
ұстаңыз.
Батареяны ауа қысымы өте төмен ортада қалдырмаңыз. Мұның салдарынан
жарылыс болуы немесе батареядан тұтанғыш сұйықтық немесе газ шығуы
мүмкін.
Батареяның қызмет көрсету мерзімін ұзарту үшін батареяны зарядтаған сайын
оны кемінде 30–50% сыйымдылығына дейін жеткізу және шамадан тыс зарядтан
айырылуға жол бермеу үшін үш айда бір рет зарядтап тұру ұсынылады.

Содержание

Похожие устройства

Скачать