KRAFT Technology TCH-HDD8596SW [68/84] Пайдалану жөніндегі нұсқаулық

KRAFT Technology TCH-HDD8597SDB [68/84] Пайдалану жөніндегі нұсқаулық
68
ПАЙДАЛАНУ ЖӨНІНДЕГІ НҰСҚАУЛЫҚ
АВТОМАТТЫ КІР ЖУҒЫШ МАШИНА
ҚОСЫМША ФУНКЦИЯЛАР
«Уақыт» функциясы.
Бұл функция жуу уақытын матаның ластану дәрежесіне қарай өзгертуге
мүмкіндік береді.
«Таймер» функциясы.
Oсы функцияны қолдана отырып, жуудың аяқталатын уақытын белгілеуге
(бағдарламаның орындалуын цикл аяқталған уақытқа кейінге қалдыруға) болады.
Таймер бір сағаттық қадаммен жұмыс істейді, максималды мәні – 24 сағат.
Қажетті жуу бағдарламасын таңдағаннан кейін және «Бастау/Кідірту» (Старт/Па-
уза) батырмасын баспас бұрын, «8h» (8 сағат) сияқты қажетті уақыт көрсетілгенше
«Таймер» батырмасын басып тұрыңыз.
«K-СМАРТ» функциясы.
Бұл функция кірдің салмағын анықтайды және зияткерлік жууды жүзеге асыру
үшін әртүрлі жуу уақыты мен температурасын үйлестіре алады.
«K-СМАРТ» жуу функциясын үш тәсілмен қосуға болады:
Кір жуатын машина өшіп тұрған кезде «К-Смарт» батырмасын кемінде 3 секунд басып
тұрыңыз: кір жуатын машина «К-Смарт» жуу режимін бірден іске қосады, бұл ретте
дисплейде тиісті индикатор жанады.
Кір жуатын машина қосулы тұрған кезде «К-Смарт» батырмасын кемінде 3 секунд
басып тұрыңыз: кір жуатын машина «К-Смарт» жуу режимін тікелей іске қосады, бұл
ретте дисплейде тиісті индикатор жанады.
Кір жуатын машина қосулы тұрған кезде «К-Смарт» батырмасын қысқа уақытқа
басыңыз, дисплейде тиісті индикатор жанады, содан кейін («Бастау/Кідірту» (Старт/
Пауза) батырмасын басыңыз, сол кезде кір жуатын машина «К-Смарт» жуу режимін
іске қосады.
«Дақтарды кетіру» функциясы
Дақтарды кетірудің тиісті циклын анықтау үшін кірдің түрін таңдауға мүмкіндік
береді. Дақтардың сегіз түрін таңдау ұсынылады:
- Майлар;
- Сүттен жасалған тамақтар
- Шырын
- Қызыл шарап
- Пигмент
- Балшық
- Қан
- Шөп
Аспап кір жуудың орташа температурасын, барабанның қозғалысын және
суға малып қою уақытын дақтың белгілі бір түріне сәйкес реттейді. Бұл функция
таңдалған дақ түріне байланысты судың температурасын, жуу түрін, суға малып
қою уақытын анықтауға мүмкіндік береді.

Содержание

Похожие устройства

Скачать
Случайные обсуждения

Ответы 1

Где находятся фильтры
2 месяца назад