Brayer 1300BR [13/16] 25 kz kz
![Brayer 1300BR [13/16] 25 kz kz](/views2/2024314/page13/bgd.png)
24 25KZ KZ
даушы, сервистік қызмет немесе баламалы білікті
маман ауыстыруы тиіс.
• Құрылғыны өздігіңізден жөндеуге тыйым салына-
ды. Құрылғыны өз бетіңізбен бөлшектемеңіз, кез-
келген ақаулықтар пайда болған кезде, сондай-ақ
құрылғы құлаған болса, оны электр желісінен ажы-
ратыңыз және сервистік орталыққа жүгініңіз.
• Құрылғының зақымдануын болдырмау үшін зауыт
қаптамасында тасымалдаңыз.
• Құрылғыны салқын және құрғақ жерде, балалар-
дың және мүмкіндігі шектеулі адамдардың қолы
жетпейтін жерде сақтаңыз.
ҚҰРЫЛҒЫ ТЕК ТҰРМЫСТЫҚ ПАЙДАЛАНУҒА АР-
НАЛҒАН, ҚҰРЫЛҒЫНЫ КОМЕРЦИЯЛЫҚ НЕМЕСЕ
ЗЕРТХАНАЛЫҚ МАҚСАТТАРДА ПАЙДАЛАНУҒА
ТЫЙЫМ САЛЫНАДЫ.
АЛҒАШ РЕТ ПАЙДАЛУ АЛДЫНДА
Құрылғыны кері температурада тасымалдаған-
нан немесе сақтағаннан кейін оны қаптамадан
шығарыңыз және пайдаланудың алдында 3
сағаттан кем емес уақыт күтіңіз.
• Құрылғыны қаптамадан шығарыңыз және барлық
қаптама материалдарын жойыңыз.
• Зауыт қаптамасын сақтап қойыңыз.
• Қауіпсіздік шаралары мен пайдалану нұсқаула-
рымен танысыңыз.
• Жинақталымын тексеріңіз.
• Құрылғыны зақымдануына қатысты тексеріп
алыңыз, зақымдануы болған жағдайда оны желіге
қоспаңыз.
• Құрылғының көрсетілген қуаттандыру кернеуі
параметрлері электр желісінің параметрлеріне
сәйкес келетініне көз жеткізіңіз.
• Қамыр илейтін қондырмалар (1) және арала-
стыруға/бұлғауға арналған бұлғауыштарды (2)
бейтарап жуғыш құралы бар жылы сумен жуып,
шайыңыз және кептіріңіз.
• Миксер корпусын (7) жұмсақ, сәл дымқыл матамен
сүртіңіз, содан кейін құрғатып сүртіңіз.
МИКСЕРДІ ПАЙДАЛАНУ
НАЗАР АУДАРЫҢЫЗ! Үздіксіз жұмыс істеу уақы-
ты 5 минуттан аспауы керек. Жұмыс циклдерінің
арасында 20 минуттан кем емес үзіліс жасаңыз.
• Қамыр илеуге арналған қондырмалар (1)
• Қондырмаларды (1) дрожжи қосылған қамырды
илеуге, фаршты және т.б. араластыруға пайда-
ланыңыз
Ескертпе: қамырды араластыруға арналған қонды-
рмаларды (1) қондырмаларды орнатуға арналған
арнайы тесіктерге (3) салыңыз.
• Араластыруға/бұлғауға арналған бұлғауыштар (2)
• Кілегейді, жұмыртқаның ақуызын бұлғауға,
бисквит қамырын, пудинг, коктейльдер, крем,
майонез, езбе және тұздықтар әзірлеуге, сонымен
қатар сұйық өнімдерді араластыру үшін бұлға-
уыштарды (2) пайдаланыңыз.
Ескертпе: араластыруға/бұлғауға арналған бұлға-
уыштарды (2) қондырмаларды (3) орнатуға арналған
кез келген тесіктерге орнатылуы мүмкін .
• Жұмыс режимдерінің ауыстырғышы (5) күйіне «0»
белгіленгеніне, ал желі бауының ашасы электр
розеткасына тығылмағанына көз жеткізіңіз.
• Қамырды илеуге арналған қондырманы (1)
немесе бұлғауышты (2) қондырмаларды орнатуға
арналған арнайы ұяларға (3) бекігенге дейін
тығыңыз. Екі қондырма да миксердің тесіктеріне
бекітілуі тиіс.
Ескертпе: қамырды араластыруға арналған қон-
дырманы (1) және араластыруға/бұлғауға арналған
бұлғауышты (2) бірге орнатуға және бір мезгілде
пайдалануға тыйым салынады.
• Қуаттандыру бауының ашасын электр розеткасы-
на тығыңыз.
• Қондырмаларды ингредиенттері бар сыйым-
дылыққа батырып, жұмыс режимдерінің ауысты-
рғышымен (5) миксерді қосыңыз және қондырма-
лардың қажетті айналу жылдамдығын «1, 2, 3, 4,
5» таңдаңыз.
«0» - миксер өшірулі.
«1» - ұн сияқты сусымалы және құрғақ өнімдерді
араластыруға арналған оңтайлы араластыру жыл-
дамдығы.
«2» - сұйықтықтар мен салат дәмдеуіштерін арала-
стыруға арналған оңтайлы жылдамдық.
«3» - торттар мен печеньелер қамырын дайындауға
арналған оңтайлы жылдамдық.
«4» - кремді бұлғауға, десерттер және т.б. дайында-
уға арналған оңтайлы жылдамдық.
«5» - жұмыртқаны, кремді бұлғауға, қант жылтырын,
коктейільдерді, картоп езбесін және т. б. дайындауға
арналған оңтайлы жылдамдық.
• Батырманы (4) басып ұстап тұрғанда, миксер
максималды жылдамдықта қосылады.
• Жұмыс барысында миксер корпусындағы желдету
саңылауларын жаппаңыз, бұл электромотордың
қызып кетуіне әкеп соғуы мүмкін.
• Жұмыс аяқталғаннан кейін жұмыс режимдері
ауыстырғышын (5) күйіне «0» орнатыңыз және қу-
аттандыру бауының ашасын электр розеткасынан
суырыңыз.
• Қондырмаларды (1) немесе бұлғауышты (2) ұстап
тұрып, батырманы (6) басыңыз және қондырманы
шығарып алыңыз.
Ескертпе: қондырмаларды жұмыс режимдерінің
ауыстырғышы (5) күйіне «0» орнатылған жағдайда
ғана ажыратуға болады.
ТАЗАЛАУЫ МЕН КҮТІМІ
• Құрылғыны сөндіріңіз және қуаттандыру бауының
ашасын розеткадан суырыңыз.
Содержание
- Description 2
- Mixer br1300 2
- Содержание 2
- 5 en en 3
- Safety measures and operation recommendations 3
- 7 en en 4
- De 8 en 5
- Description 5
- Mixer br1300 5
- 11 de de 6
- Sicherheitshinweise und gebrauchsanleitung 6
- 13 de de 7
- Ru 14 de 8
- Миксер br1300 8
- 17 ru ru 9
- 19 ru ru 10
- Kz 20 ru 11
- Миксер br1300 11
- 23 kz kz 12
- 25 kz kz 13
- 27 kz kz 14
Похожие устройства
- Bosch ErgoMixx MFQ36480 Руководство по эксплуатации
- Skat 12А 249 Руководство по эксплуатации
- Kitfort КТ-2844 Руководство по эксплуатации
- Kuppersberg HT 612 Black Руководство по эксплуатации
- Aqara CH-H03 Руководство по эксплуатации
- Lumme LU-4001 черный агат Руководство по эксплуатации
- Lumme LU-4020 красный рубин Руководство по эксплуатации
- Lumme LU-4020 светлая яшма Руководство по эксплуатации
- Marta MT-1176 красный рубин Руководство по эксплуатации
- Lumme LU-4020 темный рубин Руководство по эксплуатации
- Marta MT-2116 Black Инструкция по эксплуатации
- Marta MT-2116 White Инструкция по эксплуатации
- Marta MT-2117 White Инструкция по эксплуатации
- Marta MT-1574 Black Руководство по эксплуатации
- Marta MT-1578 White Руководство по эксплуатации
- Marta MT-1575 Aquamarine Руководство по эксплуатации
- Lumme LU-1836 Gray Agate Руководство по эксплуатации
- Marta MT-1575 Purple Руководство по эксплуатации
- Marta MT-1566 Gray Руководство по эксплуатации
- Marta MT-1577 Vinous Руководство по эксплуатации