Ariston VELIS TECH INOX PW ABSE 30 [31/64] Пайдалы ақпарат

Ariston VELIS TECH R ABS 30 [31/64] Пайдалы ақпарат
31 / KZ
Толық процедура, 11-сурет
Процедура мына жағдайда нәтижелі болып аяқталған болады:
- Wi-Fi түймесі тұрақты жанып тұр
- қолданба тіркеуді растау хабарын көрсетіп тұр
Байланыс орнатылмаса, барлығын жақсылап тексеріп шығып, процедураны басынан бастап қайталаңыз.
Ескертпе: Wi-Fi желісінің құпиясөзінде қытай таңбалары болмауы тиіс. Сондай таңбалар болса, оларды жойыңыз.
Қолданба схемасы, 12-сурет
Мына нұсқаулар бар:
ҚОСУ/ӨШІРУ
(A)
Қолмен басқару режимі (B)
Бағдарлама режимі (C)
ECO режимі (D)
Температураны реттеу (F)
Душқа түсу саны (H)
Қалған уақыт (G)
Басқа беттерді көру үшін оңға жылжытыңыз.
Байланыс күйінің сипаттамасы
Wi-Fi
түймесі
Баяу жыпылықтау Wi-Fi модулі қосылып тұр
Жылдам жыпылықтау Wi-Fi модулі Кіру нүктесі режимінде
Қосарлана жыпылықтау Wi-Fi модулі үй желісіне жалғанып жатыр
Қосулы Wi-Fi модулі қосылып тұр және үй желісіне жалғанып тұр
Өшірулі Wi-Fi модулі өшіп тұр
ПАЙДАЛЫ АҚПАРАТ
Құрылғыны тазаламас бұрын, сыртқы ажыратқышты OFF (Өшіру) позициясына орнатып, құрылғы
өшірілгеніне көз жеткізіңіз. Инсектицидтерді, еріткіштерді немесе агрессивті жуғыш заттарды
қолдануға болмайды: олар құрылғының боялған және пластик бөліктерін зақымдауы мүмкін.
СУ СУЫҚ БОП АҒЫП ШЫҚҚАН ЖАҒДАЙДА
(8a/b суретінде көрсетілген интерфейсі бар модельдер)
Құрылғыны қуат көзінен ағытып, төмендегілерді тексеріңіз:
- қуат беру клемма блогында кернеудің болуы (M 7-сурет);
- тізбек тақтасы;
- Қыздыру элементтерінің қыздырғыш құрамдас бөліктері
- айналып өту құбырын тексеріңіз (X 7-сурет);
- датчик орнатылған өзектер (K 7-сурет)
(8c суретінде көрсетілген интерфейсі бар модельдер)
- Құрылғы қуат көзіне жалғанғанын және сыртқы биполярлық ауыстырып-қосқыш қосылғанын
тексеріңіз;
- Температураны реттеу тұтқасы минималды мәнге орнатылмағанын тексеріңіз;
- Қыздыру элементтерін тексеріңіз;
- Айналып өту құбырын тексеріңіз (5a-сурет, X);

Содержание

Похожие устройства

Скачать