Darina 1T2 C524 X1 Руководство по эксплуатации онлайн [49/61] 793469

Darina 1T2 C524 X1 Руководство по эксплуатации онлайн [49/61] 793469
BG 00 000-01 РЭ
48
Газбен жабдықтау жүйесіне жалғау
Аспапты газбен жабдықтау жүйесіне жалғау бойынша жұмыстар сервис
қызметінің білікті қызметкерлерімен орындалу керек. Жалғану жүргізілетін
құбырда кейін жалғау немесе аспапқа қызмет көрсету қолайлылығы үшін
бекітілген типті газдық кран болу керек. Аспапты газ құбырына немесе
сұйылтылған газ бар құбырсауытқа жалғау бекітілген ережелерге сәйкес және
тек газ жеткізу қысымының аспап үшін ұсынылатын шамаға сәйкестігін
тексергеннен кейін орындалу керек. Егер газ жеткізу қысымы ұсынылатын
шамадан өзгеше болса, «Әр түрлі газ түрлеріне бейімдеу» бөлімінде
көрсетілген нұсқауларды сақтаңыз. Сұйылтылған газ бар құбырсауытқа жалғау
жағдайында қолданыстағы ережелерге сәйкес келетін қысым реттегіштерін
пайдаланыңыз.
МАҢЫЗДЫ: қауіпсіздікті, газдың шығындалуының дұрыс реттелуін және
аспаптың ұзақ қызмет ету мерзімін қамтамасыз ету үшін газ қысымының 6
кестеде келтірілген деректерге сәйкес келетіндігіне көз жеткізіңіз.
Қатты жалғау (мыс немесе болат түтік көмегімен)
Газ көзіне жалғау аспаптың кез келген бөлігінде күш түсетін нүктелерді
тудырмайтындай орындалу керек.
Жеткізілім жинағына бұрыштық келтеқосқыш және газбен жабдықтау жүйесіне
жалғауға арналған төсеме кіреді. Егер қажетті бағытта бұрап, келтеқосқыш
жайғасымын өзгерту талап етілсе, төсеме жерге тұйықталу керек (аспаппен
бірге жеткізіледі).
Икемді металл торап көмегімен жалғау
Аспапқа газ жеткізетін байланыстырғыш келте құбыр G ½’’ сыртқы құбырлық
цилиндрлік бұрандасына ие болу керек. Тек қолданыстағы стандарттарға
сәйкес келетін жеткізілімді және тығыздағыш төсемелерді пайдаланыңыз.
Жеткізілімнің максималды ұзындығы 2000 мм аспау керек. Қосылысты
орындағаннан кейін икемді металл тораптың ешқандай қозғалатын
бөлшектерге жанаспайтындығына және ол қысылуы мүмкін учаскелер бойынша
өтпейтіндігіне көз жеткізіңіз.
Саңылаусыздықты тексеру
Құрастыру аяқталғаннан кейін барлық құбырлық қосылыстардың
саңылаусыздығын тексеріңіз. Тексеруді сабынды ерітінді көмегімен орындау
керек, ешбір жағдайда осы мақсатта ашық алауды қолданбаңыз!

Содержание

Похожие устройства

Скачать