Darina 1T2 C524 X1 Руководство по эксплуатации онлайн [52/61] 793469

Darina 1T2 C524 X1 Руководство по эксплуатации онлайн [52/61] 793469
BG 00 000-01 РЭ
51
сақтау үшін минималды алау режиміне ауыстыру керек. Сонымен қатар
«Максимум» және «Минимум» тұтқа жайғасымдары арасындағы диапазонда
алау көлемін баяу реттеуге болады.
Алауды «Сөнд» және «Максимум» тұтқа жайғасымдары арасындағы
диапазонда реттеуге тыйым салынады.
Аспап дұрыс бапталған және қолданылған кезде, сонымен қатар сәйкес
ыдыстар қолданылған кезде энергияның елеулі үнемделуі орын алуы мүмкін.
Жарамды ыдыстарды пайдалану кезінде 60% дейін үнемдеу.
Аспап дұрыс қолданылған кезде және жарамды алау көлемін таңдаған кезде
60% дейін үнемдеу.
Пісіру панелінің тиімді және энергия үнемдейтін жұмысының қажетті шарты
оттықтарды (атап айтсақ, инжекторларды және оттықтар саңылаулары) таза
күйде сақтау болып табылады.
НАЗАР АУДАРЫҢЫЗ!
5. Пісіру панелін орнату алдында аспап баптауларының жергілікті газ тарату
желісінің параметрлерімен (газ қысымы) сәйкес келетіндігіне көз жеткізіңіз.
6. Баптау параметрлері аспапта орналасқан техникалық сипаттамалар
тақтайшасында көрсетілген.
7. Осы аспап қолданыстағы құрастыру ережелеріне сәйкес жану өнімдерін
бұрып жіберу үшін құрылғыға жалғану керек. Желдетуге қатысты сәйкес
талаптарға айрықша назар аудару керек.
8. ЕСКЕРТУ. Ас әзірлеу үшін газдық аспаптың қолданылуы ол орнатылған
орынжайда жылудың, ылғалдың және жану өнімдерінің түзілуіне алып келеді.
Асүйдің жақсы желдетілетіндігін қадағалаңыз, әсіресе аспапты пайдалану
кезінде: табиғи желдетуді пайдаланыңыз немесе механикалық желдету
құрылғысын орнатыңыз.

Содержание

Похожие устройства

Скачать