Darina PL E545 B Руководство по эксплуатации онлайн [40/66] 793518

Darina PL E545 B Руководство по эксплуатации онлайн [40/66] 793518
KZ
BEC521 00 000-01 РЭ
39
Қауіпсіздік бойынша маңызды нұсқаулар
Аспапты орнату немесе пайдалану алдында осы нұсқаулықты мұқият оқып
шығыңыз.
Аспап бетіне жанатын материалдарды немесе бұйымдарды қоюға болмайды.
Өтінеміз, осы ақпаратты аспапты құрастыру үшін жауапты тұлғаға дейін
жеткізіңіз, себебі бұл орнатуға қатысты шығындарды төмендетуі мүмкін.
Қауіптің алдын алу үшін аспап осы орнату бойынша нұсқаулыққа сәйкес
орнатылу керек.
Аспапты орнату және оны жерге тұйықтау тек білікті маманмен орындалу
керек.
Айыр фирмалық тақтайшада көрсетілген қуатқа сәйкес келу керек. Розеткада
жерге тұйықтаушы түйіспе болу керек және жеңіл қол жетімділіктегі жерде
орналасу керек.
Аспап қоректену көзінен толық сөндірілуді қамтамасыз ететін ажыратқышы
бар тізбекке жалғану керек.
Аспаптың дұрыс орнатылмауы кепілдіктің жойылуына немесе наразылықтар
бойынша міндеттемелердің жойылуына алып келуі мүмкін.
Пайдалану және қызмет көрсету
Электр тоғына ұшырау қаупі
Сынған немесе зақымдалған пісіру панелінде ас әзірлемеңіз. Егер панель беті
сынса, немесе онда жарықтар пайда болса, дереу аспапты желіден сөндіріп,
білікті маманға жүгініңіз.
Тазарту немесе техникалық қызмет көрсету алдында пісіру панелін желіден
сөндіріңіз.
Осы ұсыныстардың сақталмауы электр тоғына ұшырау немесе өлім
жағдайына алып келуі мүмкін.

Содержание

Похожие устройства

Скачать