Darina PL E545 B Руководство по эксплуатации онлайн [45/66] 793518

Darina PL E545 B Руководство по эксплуатации онлайн [45/66] 793518
KZ
BEC521 00 000-01 РЭ
44
Сенсорлық басқару панелін пайдалану
«Батырма» термині ретінде шыны-керамикалық панельге жазылған үзілмелі
сызықпен белгіленген аймақты түсіну керек.
«Батырмаға басу» термині ретінде келесі әрекетті түсіну керек: үзілмелі
сызықпен белгіленген бетке саусақ жастықшасын басып, бірнеше секунд
ұстап тұру.
Басқару органдары жанасуға жауап қатады, күш түсіру қажеттілігі жоқ.
Саусақ ұшын емес, оның жастықшасын пайдаланыңыз.
Сіз басқару жанасуы тіркелген кезде, әркез дыбыстық сигнал естисіз.
Басқару элементтерінің әрқашан таза, құрғақ екендігіне, және ешқандай
заттың (мысалы, ыдыс немесе мата) оларды жауып тұрмағандығына көз
жеткізіңіз. Тіпті судың жұқа қабықшасы басқару элементтерінің жұмысына
кедергі келтіруі мүмкін.
Жарамды ыдысты таңдау
Жиектері тегіс емес және түбі иілген ыдыстарды пайдаланбаңыз.
Ыдыс бетінің түбі тегіс екендігіне, шыныға тығыз жанасатындығына, ал түбінің
диаметрі пісіру аймағының диаметірмен сәйкес келетіндігіне көз жеткізіңіз.
Әрқашан ыдысты пісіру аймағының ортасына қойыңыз.
Әрқашан ыдысты пісіру бетінің үстіне көтеріңіз, оны бет бойынша қозғалтпаңыз,
ыдыс шыныны сыруы мүмкін.

Содержание

Похожие устройства

Скачать