Darina PL E545 B Руководство по эксплуатации онлайн [48/66] 793518

Darina PL E545 B Руководство по эксплуатации онлайн [48/66] 793518
KZ
BEC521 00 000-01 РЭ
47
Назар аударыңыз: қалдық жылу
Егер пісіру панелі біршама уақыт жұмыс жасаса, пісіру аймақтары сөндіруден
кейін де ыстық болып қалады. Бұл туралы ескерту қуат дисплейіндегі «Н» әрпі
болып табылады; абай болыңыз.
Автосөндіру
Осы пісіру панелінің қауіпсіздік функцияларының бірі автоматты сөндіру болып
табылады. Егер сіз пісіру панелін сөндіруді ұмыт қалдырсаңыз, осы жағдай
орын алады. Ұйғарым бойынша сөндіруге дейінгі жұмыс ұзақтығы төменде
кестеде келтірілген:
Қуат деңгейі 1 2 3 4 5 6 7 8 9
Ұйғарым бойынша
жұмыс уақыты, сағат
8 8 8 4 4 4 2 2 2
Таймер
Сіз таймерді екі әр түрлі әдіспен пайдалана аласыз:
Тәуелсіз таймер ретінде пайдалану. Осы жағдайда бекітілген уақыт
аяқталғаннан кейін ол пісіру аймағын сөндірмейді.
Бекітілген уақыт аяқталғаннан кейін бір немесе бірнеше пісіру аймағын
сөндіру үшін пайдалану.
Таймерде 99 минут шектерінде уақытты бекітуге болады.
Тәуелсіз таймер
Егер пісіру аймақтарының ешқайсысы таңдалмаса
1. Пісіру панелінің қосулы екендігіне көз жеткізіңіз.
Ескертпе: Тіпті егер пісіру аймақтарының ешқайсысы таңдалмаса да, Сіз
таймерді пайдалана аласыз.
2. Таймер батырмасын басыңыз, таймер дисплейінде «--»
көрсетіледі.
3. «-» немесе «+» батырмалары көмегімен таймер мәнін орнатыңыз.
Таймер индикаторы жыпылықтай бастайды, таймер дисплейінде
бекітілген уақыт көрсетіледі.

Содержание

Похожие устройства

Скачать