Alteco Promo SDS-Plus RH 0216 Инструкция по эксплуатации онлайн [14/19] 794251

Alteco Promo SDS-Plus RH 0216 Инструкция по эксплуатации онлайн [14/19] 794251
14
KZ
НАЗАР АУДАРЫҢЫЗ!
Материалды кәдімгі бұрғылау функциясы арқылы бұрғылау мүмкіндігі
болса, электр құралын ешқашан соққымен бұрғылау режиміне
ауыстырмаңыз. Өзге жағдайда бұрғы қондырмасы мен электр құралының
өнімділігі түсіп, сондай-ақ бұрғы қондырмасының өзі бұзылуы мүмкін.
Перфоратордың функцияларының сөндіргішін ауыстыру кезінде ажыратып қосқыш
тірелгеніне дейін орнын ауыстырғанын бақылаңыз.
Қосымша тұтқаны орнату
Тұтқаның бұрандамасын босатып, корпустағы тұтқаны бұрғылауға қолайлы қалыпта
бекітіңіз, тұтқаның қамытын корпустағы жыраға бағыттаңыз және бұрандаманы қатты
тарттып бұрыңыз. Тұтқаны алу үшін бұрандаманы босатып, тұтқаны бұрап шығарыңыз.
Перфораторды пайдалану
Тесіктерді бұрғылау
Перфоратор соққы режимін ауыстырғышпен жабдықталған. (3 сурет).
3 сурет
Ажыратып қосқыштың қалпына байланысты, соққысыз бұрғылау, соққымен бұрғылау
немесе қашау режимдерінде жұмыс істеуге болады. Соққымен бұрғылау және қашау
құралға сәл ғана күш жұмсауды талап етеді. Шамадан тыс басу қозғалтқыштың артық
жүктемесіне әкеліп соғуы мүмкін. Бұрғы қондырмаларының техникалық күйін жүйелі
түрде бақылау қажет. Қажет болған жағдайда оларды қайрау немесе ауыстыру қажет.
Осы функциялар үшін ауыстырғыштың дұрыс орналасуы 4 суретте көрсетілген.
Диаметрі 8 мм құрайтын кәдімгі бұрғы қондырмасымен ағаш, ластмасса немесе металл
бойынша бұрғылау немесе бұрандалы шегені бұрағыш режиміндегі жұмыс (а).
Сурет 4 (а)

Похожие устройства

Скачать