Alteco Promo SDS-Plus RH 0216 Инструкция по эксплуатации онлайн [15/19] 794251

Alteco Promo SDS-Plus RH 0216 Инструкция по эксплуатации онлайн [15/19] 794251
15
KZ
Бетон немесе кірпішті соққымен бұрғылау (б).
Сурет 4 (б)
Қашау функциясы (в).
Сурет 4 (в)
Құрал қозғалтқышының жұмысы кезінде жұмыс режимінің ауыстырғышын
өзгертуге тырысуға тыйым салынады. Бұл перфоратордың айтарлықтай
бұзылуына себеп болуы мүмкін.
Үлкен көлемді тесікті бұрғылаудың алдында біріншіден кішкентай бұрғыны тесіп,
кейін оны қажет болған өлшемге дейін кеңейту жөн. Бұл құралға шамадан тыс
жүктеме түсуін алдын алады.
Терең тесіктерді бұрғылау кезінде бірнеше мезгілмен, әр кезде бұрғының шаңын
тазарту үшін тесіктен шығара отырып бұрғылау қажет.
Бұрғылау кезінде бұрғы қондырмасының сыналануы (қарысып қалуы) кезінде
бұрғының бұзылуын болдырмау және қарысып қалған тесіктен шығару мақсатында
құралды бірден өшіру қажет.
Айналмалы бұрғы қондырғысының белдігі бұрғыланатын тесіктің белдігімен сәйкес
келетіндей перфораторды орнатыңыз. Бұрғы қондырмасының ең қолайлы қалпы
өңделетін материалдың бетіне қарай тікелей бұрышпен. Егер бұрғылау кезінде тік
бұрыш сақталмаса, бұл бұрғы қондырмасының тесікте қарысып қалуына немесе
бұзылуына әкеліп, нәтижесінде жарақат себебі болуы мүмкін.
Шпиндель айналуының төмен жиілігімен ұзақ уақыт бұрғылау нәтижесінде
қозғалтқыштың қызып кетуі пайда болуы мүмкін. Сондықтан жұмысты
үнемі тоқтатып отыру қажет. Корпустағы саңылауларды жаппаңыз, олар
құрал қозғалтқышын желдетуге арналған.
Соққымен бұрғылау
Қажетті жұмыс тәртібін таңдаңыз - бұл жағдайда соққымен бұрғылау.
Патронды тиісті бұрғыма қондырғысына қойыңыз. Соққымен бұрғылауға
дәнекерлеуші қатты қорытпалы тілімі бар бұрғы қондырмалары арналған.
Бұрғы қондырмасын өңделетін материалға қысып қойыңыз.
Құралды қосыңыз, соққы тетігі бірқалыпты жұмыс істеп, ал ақаусыз құрал өңделетін
материалдың бетінен атып кетпеуі тиіс.

Похожие устройства

Скачать