Alteco CP 32-6/180 [13/15] Кепілдік шарттары

Alteco CP 32-8/180 [13/15] Кепілдік шарттары
минималды өнімділігін орнатыңыз. Егер жылыту радиаторлары суық болып қалса
немесе (қазандық өндірушісі көрсеткен) қазандықтың кірісі мен шығысындағы
температура айырмашылығына қол жеткізілмесе, айналу жиілігін ауыстырып,
көлемдік шығынды көбейтіңіз.
НАЗАР АУДАРЫҢЫЗ! Тым жоғары жылдамдықты орнату тым жоғары
көлемдік шығынға немесе ауаны соруға әкелуі мүмкін.
Сорғының жұмысын реттеу үшін тиекті шұраны пайдаланбаңыз.
5.
Сорғыға қызмет көрсету
Сорғы үнемі техникалық қызмет көрсетуді қажет етпейді. Сорғының ұзақ тұруы
кезінде (мысалы, жаз айларында) сорғыны бірнеше апта сайын бірнеше минутқа
қосуға кеңес беріледі.
Сорғының бұғатталуы
Егер сорғы іске қосылмаса, сорғыны максималды айналу жылдамдығына
ауыстырыңыз. Егер сорғы әлі де іске қосылмаса, ауаны шығару үшін тесіктің бұрандалы
бітеуішін пайдаланып бұғатталуды алып тастауға болады. Сорғыны іске қосқаннан кейін
айналу жиілігін ауыстырып қосқышты бастапқы күйіне қайта орнату керек.
Ақаулықтарды іздеу және жою
Ақаулығы
Жою бойынша шаралар
Сорғы іске қосылмайды
Сақтандырғыштарды тексеріңіз. Қуат қосылымын
тексеріңіз. Ротордың еркін айналу мүмкіндігін
тексеріңіз.
Сорғы іске қосылады, бірақ қажетті
көлемдік шығынды қамтамасыз
етпейді
Шұралардың ашық екенін тексеріңіз. Сорғы
корпусынан және жүйеден ауаны шығарудың
толықтығын тексеріңіз.
Айналу жиілігін ауыстырып қосқышының дұрыс
орналасуын тексеріңіз.
Шуылдар
Айналу жиілігін ауыстырып қосқышының қалпын
тексеріп, оны қажетті шығынға сәйкес өзгертіңіз.
Кавитациядан туындаған шуды жою үшін жүйедегі
қысымды рұқсат етілген шектерде арттыру қажет.
Сорғының қалыпты, әдеттегідей жұмыс режиміне
шығу уақыты 48 сағатқа дейін болуы мүмкін.
6. Кепілдік шарттары
Тұтынушы құралды сақтау мен пайдалану ережелерін сақтаған жағдайда, өндіруші
кәсіпорын құралдың сатып алған күннен бастап 12 айдың ішінде үздіксіз жұмысына
кепілдік береді.
Егер кепілдік мерзімінің ішінде құралдың бұзылуы өндірушінің кесірінен болса
өндіруші зауыт кепілдік бойынша жөндеуді іске асырады.
Келесі жағдайларда кепілдік бойынша жөндеу жүргізілмейді және шағымдар
қабылданбайды:

Содержание

Скачать