Alteco DP 450-16 [16/23] Құралдың жұмыс тәртібі

Alteco DP 350-13 [16/23] Құралдың жұмыс тәртібі
16
4. 3. Құралдың жұмыс тәртібі
4.1 Жұмысқа дайындық
Электр қуатының көзі.
Қолданылатын қуат көзі өнімнің үлгілік тақтасында көрсетілген та-
лаптарға сәйкес келетініне көз жеткізіңіз.
Қосу / өшіру ажыратып қосқышы
Ажыратып қосқыштың өшірілген күйде екеніне көз жеткізіңіз. Егер
штепсельді розеткаға қоссаңыз ал қосқыш қосулы күйде болса, құрал
бірден жұмыс істейді, бұл ауыр жарақатқа әкелуі мүмкін.
Ұзартқыш
Кез келген ұзартқыш сымды пайдалану қуаттың біршама
төмендеуіне әкеледі. Мұндай шығындарды азайту үшін және
қозғалтқыштың қызып кетуін және тұтануын болдырмау үшін
ұзартқыш сымның минималды қимасы жөнінде білікті электрикке ха-
барласыңыз.
Назар аударыңыз! Электр құралын қосар алдында барлық
бұрандалар мен корпус сомындарының сенімді тартылғанын
тексеруге кеңес беріледі.
4.2 Машинаны жинақтау
Бұрғылау білдегін құрастыру келесі тәртіпте жүзеге асырылады:
1. Бағанды (3) тірек табанына (4) өтпелі ернемекті қолданып
бекітіңіз (5)(2-сурет)
2. Бағанға(3) жұмыс бетінің тірегін киіңіз (1) және реттеу бұран-
дасын бұраңыз (2)
3. Жеткізу жинағына кіретін бұрандамен (7) білдектің жұмыс
бетін(8) тірекке (1)бұраңыз
4. Білдектің жоғарғы бөлігін (9) бағанға (3)орнатыңыз
5. Барлық бұрандалы қосылыстарды тартыңыз

Похожие устройства

Скачать