Galaxy Line GL2156 [18/22] Пышақ күтпеген жерден айналуын тоқтатқан жағдайда құралды

Galaxy Line GL2156 [18/22] Пышақ күтпеген жерден айналуын тоқтатқан жағдайда құралды
KAZ
18
18
ПАЙДАЛАНУ ЖӨНІНДЕГІ НҰСҚАУЛЫҚ
мөлшерін өлшеу үшін Сіз өлшегіш қалпақшаны қолдана аласыз.
Тостағанды қақпақпен жабыңыз;
Қақпақтың саңылауына өлшегіш қалпақшаны қалпақшаның бетіндегі
дөңес тостаған қақпағындағы квадраттық ойыққа кіретіндей етіп
қойыңыз, содан кейін қалпақшаны кез келген жаққа бұраңыз;
Режимдерді ауыстырғыштың «0» (сөндірулі) күйінде тұрғандығына көз
жеткізіңіз;
Қуат беру баусымын толықтай тарқатыңыз және қуат беру баусымын
желіге қосыңыз;
Режимдерді ауыстырғышты келесі күйлердің біріне жылдамдықты таңдау
үшін бұраңыз: «1» - «4» жылдамдықты режимдер, мұнда «1»- минималды
жылдамдық, ал «4» - максималды жылдамдық; «Р» - импульстік режим.
Ескертулер
1 Импульстік режим режимдерді ауыстырғышты «Р» күйінде ұстап тұрған
кезде ғана жұмыс істейді. Сіз ауыстырғышты жіберген кезде ол «0»
күйіне автоматты түрде қайтып оралады;
2 Блендер үзіліссіз 3 минутқа дейін 1-4 жылдамдық режимдерінде жұмыс
істей алады, импульстік режим кезінде – 1,5 минутқа дейін үзіліссіз. Үш
рет іске қосудан кейін блендерді мотордың қызып кетуін болдырмау
үшін шамамен 20 минуттай суытып алу қажет;
3 Блендердің жұмысы кезінде өлшегіш қалпақшаны шығарып, ингредиенттерді
қақпақтағы саңылау арқылы қосуға болады. Ол үшін өлшегіш қалпақшаны
қалпақшаның бетіндегі дөңес тостағанның қақпағындағы квадратты ойыққа
кіретіндей етіп орнатыңыз. Қалпақшаны жоғары тартыңыз;
НАЗАР АУДАРЫҢЫЗ! Егер блендер жоғары жылдамдықта жұмыс
істесе, сонымен бірге блендердің тостағаны максималды толы болса,
құралды сөндіру және содан кейін ғана қосымша ингредиенттерді қосу
ұсынылады.
4 Құралдың жұмысы кезінде құралдың корпусы ыстық болуы мүмкін. Бұл
қаллыпты құбылыс және ақаулы болып табылмайды;
5 Пышақ күтпеген жерден айналуын тоқтатқан жағдайда құралды
желіден ажыратыңыз, және осыдан кейін ғана пышақты бұғаттаушы
ингредиенттерді алып тастауға болады.
Құрылмен жұмыс істеуді аяқтай отырып, режимдерді ауыстырғышты «0»
күйіне ауыстырыңыз және қуат беру баусымын желіден ажыратыңыз;
Ескерту – Тостағанды корпустан шешу кезінде пышақ айналуының толық
тоқтауын тосыңыз.
Тостағанды корпустан шешіңіз. Ол үшін тостағанды оның төменгі
бөлігіндегі « » белгісі құралдың корпусындағы « » белгіге қарама-
қарсы болатындай етіп оң жаққа бұраңыз. Тостағанды жоғары тартыңыз;
Қақпақты тостағаннан шешіңіз және алынған өнімді шығарыңыз.
Пышақты шешу үшін тостағанның түбінде сыртында орналасқан
жалғастырғышты бұрап босатыңыз, және пышақ өзегінен тыығырықты
шешіңіз. Кесіп алуларға жол бермеу үшін оның бірнеше мата
қабаттарынан ұстаумен пышақты жоғары тартыңыз.
7.2 Ұсыныстар
Қатты ингредиенттерді араластырудың алдында оларды шағын кесек-
терге (2-3 см) кесіңіз;

Содержание

Похожие устройства

Скачать