Чайка 425М [21/48] Шөлмектегі жіпті тарту

Чайка 425М [21/48] Шөлмектегі жіпті тарту
21
KZ
Шөлмектегі жіпті тарту
1. Басып тұратын табанды көтеріңіз. Ине жібін сол
қолыңызға алыңыз.
2. Айналдыру дөңгелегін оң қолыңызбен өзіңізге қарай
абайлап бұрып, инені төмен түсіріңіз. Айналдыру
дөңгелегін жіп тартқыш иінтірегінің ең жоғарғы
орналасымына айналдыруды жалғастырыңыз. Астыңғы
жіптің ілгегін шығару үшін үстіңгі жіпті біраз тартыңыз.
3. Екі жіпті де 15 см (6 дюйм) артқа қарай және басып
тұратын табанның астына тартыңыз.
Үстіңгі жіптің тартылуын реттеу
Дұрыс тарту
Жіптің тартылуы тігілетін матаның сапасына, матаның
бағытына және тігу әдістеріне байланысты. Түзу тігім үшін.
Мінсіз түзу тігім жіп екі қабатты матаның арасынан өрілген
уақытта пайда болады. Әрлеу немесе сәндік тігімдер (ирек)
үшін. Ирек тігімі дұрыс болған уақытта төменгі жіп тігіліп
жатқан матаның оң жағынан көрінбеуі керек, ал үстіңгі жіп
тігіліп жатқан матаның теріс жағынан сәл көрінуі мүмкін.
q Үстіңгі жіп (ине жібі)
w Астыңғы жіп (шөлмек жібі)
e Бұйымның оң (беткі) жағы
r Бұйымның теріс (астыңғы) жағы
t Жіптің тартылуын реттеуіш
y Машинаның корпусындағы орнату белгісі
Үстіңгі жіп қатты тартылған
Астыңғы шөлмек жібі матаның оң жағынан көрінеді.
Реттеуішті төменірек санға қойып, үстіңгі жіптің тартылуын
босату керек.
Жіп бос тартылған
Үстіңгі жіп матаның теріс жағынан көрінеді. Реттеуіштегі
санды жоғары мәнге қойып, үстіңгі жіптің тартылуын тарту
қажет.
Үстіңгі жіптің тартылуын баптау бойынша ұсынымдар
әртүрлі тігімдерді жасау бойынша сипаттамадан
қараңыз.
ЕСКЕРТУ!
q
w
e
r
t
y

Содержание

Похожие устройства

Скачать