Brayer 1091BR Инструкция по эксплуатации онлайн [39/44] 795016

Brayer 1091BR Инструкция по эксплуатации онлайн [39/44] 795016
39
KZ
Ыстық су температурасын сақтауды таңдау үшін
«С° таңдау» түймесін (21) басыңыз, сіз ыстық су
температурасын сақтауды «95-85-65-55-45» граду-
стан таңдай аласыз.
Шайды демдеуге және басқа сусындарды әзірлеу-
ге кеңес берілетін температура:
– «45°» – балаларға арналған сүт қоспаларын әзір-
леуге арналған су температурасы
– «55°» – ақ шайды демдеу
– «65°» – қызыл немесе шөпті шайды демдеу
– «85°» – жасыл немесе сары шай, кофе демдеу
– «95°» – қара шай демдеу
Белгіленген сақтау температурасы тиісті индика-
торлармен (19) көрсетіледі.
Егер судың температурасы белгіленген деңгейден
әжептеуір төмендеп кетсе, мысалы, сіз судың
үстінен суық су құйдыңыз делік, онда қайнау
тәртібі қосылады және «Қайнату» (14) индикаторы
жанады.
Сіз «Қайтадан қайнату» түймесін (13) басып, суды
қайтадан қайнату тәртібін қоса аласыз, осы жерде
«Қайнату» (14) индикаторы жанады. Су қайнаған-
нан кейін дыбыстық белгі беріледі және темпе-
ратураны сақтау тәртібі қосылады, осы жерде
су температурасын сақтау индикаторы «85» (19)
жанады. 85°С су температурасы әдепкі қалпы
бойынша белгіленген.
Термопотты өшіру үшін қуаттандыру бауының
айырын (22) электрлік розеткадан шығарыңыз.
ТАЗАЛАУ ЖӘНЕ КҮТІМ
Термопотты тазалаудың алдында қуаттандыру
бауының айырын электрлік розеткадан (22) шыға-
рыңыз, қақпақты (5) ашыңыз, термопоттың толық
суығанын күтіңіз.
Үнемі термопот құтысынан судың қалдығын төгіп
тастау керек, ол үшін қақпақты (5) шешу керек.
Қақпақты (5) шешудің алдында оны 45° шамамен
бұрышқа қарай ашыңыз және қақпақты (5) басқару
панелі (4) бағытына қарай тартыңыз (2 сур).
Термопотты еңкейтіп, судың қалдықтарын абай-
лап төгіңіз (3-сур.).
Қақпақты (5) орнына қойыңыз, ол үшін қақпақты
(5) 45° шамамен кішкене бұрыш күйіне орна-
ластырыңыз, қақпақты (5) орнатылатын жеріне
салыңыз, термопотты пайдаланудың алдында
қақпақтың (5) сенімді бекітілгендігіне көз жеткізіңіз.
Термопот корпусының (10) сыртқы бетін сәл
дымқыл матамен сүртіңіз, содан кейін құрғатып
сүртіңіз.
Ластануды кетіру үшін бейтарап жуғыш заттарды
пайдаланыңыз, металл
қылшақтарды, абразивтік тазалау құралдары мен
еріткіштерді қолдануға тыйым салынады.
Термопот пен қуаттандыру бауын (22) суға немесе
басқа кез-келген сұйықтықтарға салуға болмайды.
Термопотты ыдыс жуатын машинаға салмаңыз.

Похожие устройства

Скачать