Vitek VT-2313 [20/44] Қазақша

Vitek VT-2313 [20/44] Қазақша
20
ҚАЗАҚША
Ескерту: температураны белгілеген кезде жұмыс
бетінің қызуы жылдам жүреді, ал оның салқындауы
анағұрлым ұзақ уақытты қажет етеді.
Жұмыс беті (2) белгіленген температураға дейін
қызғанда, көрсетілім тақтасындағы (5) жанып-сөнетін
жарықтық көрсеткіштер тұрақты жанып тұрады.
Бос қолыңызбен шаш тарамын алыңыз.
Қысу тұтқасын (4) басыңыз, шаш тарамының ұшын
жұмыс бетіне (2) салыңыз және қысу тұтқасын (4)
жіберіңіз. Ұштамадан (1) және қолсаптан (8) ұстап,
шаш тарамын жұмыс бетін (2) айналдыра ораңыз.
Біршама уақыт күтіңіз, содан кейін қысу сабына (4)
басыңыз және тарамды босатыңыз.
Берілген рәсімді қалған шаш тарамдарына
қайталаңыз.
Ескерту:
алғашқы пайдаланған кезде бөтен иіс және түтіннің
біршама мөлшері пайда болуы мүмкін, бұл қалыпты
құбылыс.
құрылғы жұмыс істеген кезде жұмыс бетіне (2)
қолыңызды тигізбеңіз, құрылғыны бі қолыңызбен
ұштамасынан (1), ал екінші қолыңызбен қолсаптан
(8) ұстаңыз.
жұмыс уақытындағы үзілістерде құрылғыны тұғырға
(3) түзу термотөзімді бетке орнатыңыз.
шашты бұйраланғаннан кейін бірден тарамаңыз,
шашқа салқындауға уақыт беріңіз, шаш үлгісі
үйлесімді көрінуі үшін ірі шаш тарамдарын анағұрлым
ұсақтарына ұқыпты бөліңіз.
Жұмысты аяқтап, « » батырмасын (7) басып және
ұстап тұрып, құрылғыны сөндіріңіз, көрсетілім тақтасы
(5) сөнеді, желілік баусымның ашасын электрлік
ашалықтан суырыңыз.
Ескерту: - егер 30 минут ішінде температураны
белгілеу батырмасы (6) басылмаған болса, онда
электрқысқыш автоматты түрде өшеді.
Құрылғыны тұғырға (3) түзу термотөзімді бетке
орнатыңыз және оған салқындауға уақыт беріңіз.
ТАЗАЛАУ ЖӘНЕ КҮТІМ
Тазалау алдында құрылғыны желіден ажыратыңыз
және толық суытылуына уақыт беріңіз
Құрылғыны, желілік бауды және желілік баудың
айыртетігін суға және басқа сұйықтықтарға матыруға
тыйым салынады.

Содержание

Похожие устройства

Скачать