Galaxy LINE GL6208 [32/36] Егер тазалау батырмасының индикаторы қызылмен жанып өшіп тұрса бұл құралды қақтардан тазалау керектігін білдіреді төменде

Galaxy LINE GL6208 [32/36] Егер тазалау батырмасының индикаторы қызылмен жанып өшіп тұрса бұл құралды қақтардан тазалау керектігін білдіреді төменде
KAZ
32
32
ПАЙДАЛАНУ ЖӨНІНДЕГІ НҰСҚАУЛЫҚ
9 сур.
8.1.3 Контейнерді шешіңіз, қақпақты бұрап шығарыңыз және суды төгіңіз.
8.1.4 Дренажды тұғырықтың тұтқасынан тартыңыз және оны корпустан
шығарыңыз.
Бойлердің ағызу саңылауының тығынын « » белгішесі жағына сағат тіліне
қарсы бұраумен бұрап шығарыңыз және оны алып тастаңыз. Қалған су
дренежды тұғырықтағы саңылау арқылы ағылатын болады.
8.1.5 Тығынды саңылауға орнатыңыз және оны « » белгішесі жағына сағат
тілі бойынша бұраңыз. Тұғырықты шығарыңыз және суды төгіңіз. Сосын
орнына орнатыңыз және корпусқа сұғындырыңыз.
8.2 Электр құралын қақтардан тазалау
Егер «Тазалау» батырмасының индикаторы қызылмен жанып-өшіп
тұрса, бұл құралды қақтардан тазалау керектігін білдіреді. Төменде
сипатталғандай етіп қақтарды кетіру рәсімін жүргізіңіз, сосын «Тазалау»
батырмасын 3 секундтың ішінде басыңыз. Дыбыстық сигнал шыққаннан
кейін батырманы босатыңыз. «Тазалау» батырмасының индикаторы сөнеді.
8.2.1 Суды лимон қышқылымен 10:1 үйлесімінде араластыру.
8.2.2 Алынған ерітіндіні суға арналған контейнерге құю.
8.2.3 Бумен жібіткішті 30 минутқа іске қосу.
8.2.4 Құралды электр желісінен ажырату және суыту.
8.2.5 Суға арналған контейнерден, сосын бойлерден ағызу саңылауының
тығынын бұрап шығарып қалған суды ағызу.
8.2.6 Суға арналған контейнерге таза су құю және буландырғышты 30
минутқа қайта іске қосу.
8.2.7 Іске қосу, суыту және контейнер мен бойлерден суды қайта ағызу.

Содержание

Похожие устройства

Скачать