Galaxy GL 0320 [13/22] Құралы құрылғы қолайлы қолдану үшін барлық қажетті атқарымдармен

Galaxy GL 0320 [13/22] Құралы құрылғы қолайлы қолдану үшін барлық қажетті атқарымдармен
KAZ
13
ПАЙДАЛАНУ ЖӨНІНДЕГІ НҰСҚАУЛЫҚ
1 ЖАЛПЫ ДЕРЕКТЕР
GALAXY GL0320 электр шәйнегі (ары қарай шәйнек, құрал, электр
құралы, құрылғы) қолайлы қолдану үшін барлық қажетті атқарымдармен
жабдықталған және үйде, кеңселерде, саяжайларда ішетін суды қайнатуға
арналған. Шәйнектің үш қабырғалы корпусы 18/10 тот баспайтын болаттан
орындалған ішкі қабырғалардан, орталық пластик қабырғадан және 430
тот баспайтын болаттан орындалған сыртқы қабырғадан тұрады. Шәйнектің
аталған құрылымы суды ұзақ уақыт ыстық күйде сақтауға мүмкіндік береді.
Шәйнектің ішкі қабырғасында су деңгейінің максималды және минимал-
ды деңгейлерінің белгілері бар. Шәйнектің тұтқасы пластик, ол қызбайды
және қолға жайлы жатады. Орталық түйіспемен қойғыш 360°-қа айналумен
қамтамасыз ете отырып, оған шәйнекті кез келген күйде қоюға мүмкіндік
береді. Шәйнектің аталған үлгісіндегі қыздырғыш элемент жасырын және
түбінде орналасқан. Ол үстінен оны қақтардан қорғайтын, оған күтім жа-
сауды жеңілдететін және су қайнаған кезде шуды азайтатын тот баспай-
тын болаттан жасалған тіліммен жабылған. Шәйнек қайнау кезінде немесе
ішінде су болмаған кезде автоматты түрде сөндіріледі.
Аталған бұйым келесі талаптарға сәйкес болады: Кеден одағы
Комиссиясының 2011 жылдың 16 тамызындағы №768 Шешімімен бекітілген
ТР ТС 004/2011 «Төмен вольтты жабдықтардың қауіпсіздігі туралы» Ке-
ден одағының техникалық регламентіне; Кеден одағы Комиссиясының
2011 жылдың 9 желтоқсанындағы №879 Шешімімен бекітілген ТР ТС
020/2011 «Техникалық құралдардың электромагниттік үйлесімділігі» Ке-
ден одағының техникалық регламентіне; Кеден одағының Техникалық
регламенті «Электрлік және радиоэлектрондық өнімдердегі қауіпті
заттардың қолданылуын шектеу туралы» КО ТР 037/2016.
Тауар сертификатталған.
2 ТЕХНИКАЛЫҚ ТАЛАПТАР
1 кесте
Параметрдің атауы Мәні
Көлемі 1,7 л
Атаулы кернеу 220-240 В ~
Атаулы тұтынылатын қуат 2000 Вт
Атаулы жиілік 50 Гц
Қуат беру баусымының ұзындығы 71 см
..

Содержание

Скачать